- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті 25 жылдық мерейтойын атап өтуде
ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті 25 жылдық мерейтойын атап өтуде
ҚР ҰОК 25 жылдығына арналған іс-шараға Олимпиада ойындарының, әлем чимпионаттарының және жоғары деңгейдегі басқа да халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпаздары мен сыйлық иегерлері, сондай-ақ Қазақ КСР және Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген мәдениет және спорт қайраткерлері шақырылды. Салтанатты шараға ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшылары да қатысты.
Тәуелсіз Қазақстанның Олимпиадалық қозғалыстары мен спортты дамытудағы ардагерлердің ерекше қызметі үшін Ұлттық Олимпиадалық комитеттің мерейтойлық медальдары табыс етілді.
«Қазақстандық спорттың өзіндік тарихы мен тамаша дәстүрлері бар. Біз спортшыларымыздың халықаралық аренада қол жеткізген барлық жеңістерін мақтанышпен еске аламыз. Бүгінгі еліміздің ұлттық олимпиадалық ведомствосының құрылғанына 25 жыл толу мерейтойын атап өтетін, жас ұрпақты одан да жоғары жетістіктерге шабыттандыратын ардагерлеріміз осы дәстүрлердің негізін қалаған еді. Оған Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтың басшылығымен жүзеге асырылып келе жатқан олимпиадалық спортты дамытудың тұжырымдамалық жаңа тәсілі де ықпал етеді. Қазірдің өзінде Қазақстанның спорт саласының одан да тиімді жұмыс істеуінің іргетасы қаланып отыр", - деді Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы Данияр Абулгазин.
ҰОК-те Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің 25 жылдығын тойлау Астанада жалғасып, 17 наурызда әлемдік Олимпиадалық қозғалыс және спорт көшбасшылары мен қонақтарының, Қазақстанның еңбегі сіңген спорт қайраткерлерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтетіні атап өтілді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі