- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да түркі мәдениетін әлемге таныту мақсатында 40-қа жуық іс-шара өткізілмек
ОҚО-да түркі мәдениетін әлемге таныту мақсатында 40-қа жуық іс-шара өткізілмек
Өңір әкімдігінің мәліметі бойынша, іс-шара жоспарына сәйкес түркі әлемінің халықаралық ақындар айтысы, түбі түркі тілдес халықтар театры, опера, цирк, би, сатира, дәстүрлі өнер және ұлттық кино және анимациялық фильмдердің, қолөнер шеберлерінің, музыка фестивальдері ұйымдастырылмақ.
Айта кетейік, «Түркістан - Түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасының аясында ұйымдастырылатын іс-шаралардың жоспары «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі тарапынан үш жақты қол қоюмен бекітілген.
Әкімдікте хабарлағандай, 21 наурыз күні Түркістан қаласында аталған жобаның салтанатты ашылуы мен ТҮРКСОЙ Баспасөз сыйлығын тапсыру рәсімі өтетін болады. Сондай-ақ, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз тойы мерекеленіп, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың Мәдениет орталығында ресми қонақтардың қатысуымен «Түркістан және Түркология» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізуді жоспарлап отырмыз», - дейді Ұласбек Сәдібекұлы.
Сондай-ақ түркітілдес мемлекеттердің өнер ұжымдары мен Оңтүстік Қазақстан облысы өнер шеберлерінің қатысуымен гала-концерт өтеді. Аталған іс- шараға мыңға жуық қонақ келеді деп күтілуде. Оның ішінде 22 түркітілдес және басқа да мемлекеттерден 50-ге жуық ресми қонақ пен БАҚ өкілдері және 230-дан астам өнер ұжымдары да бар.
Мәдени іс-шаралардың басым көпшілігі Түркістан қаласында өтеді. Кейбір іс-шаралар Түркістан қаласынан бастау алып, Шымкент қаласында жалғасын табады.
Жылдың жабылу салтанаты 2017 жылдың қараша айында Түркістанда өтетін болып белгіленіп отыр. Жобада Түркі әлемінің 2018 жылғы мәдени астанасы анықталып, эстафетасы тапсырылады.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
ІІМ: Жалған вакцина паспорт иелерін анықтау мақсатында қандай жұмыс жүргізілуде -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ -
Миллионға жуық қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина салдырды