- Басты
- Жаңалықтар
- Гаагада Химиялық қаруға тыйым салу ұйымының 84-сессиясы өтті
Гаагада Химиялық қаруға тыйым салу ұйымының 84-сессиясы өтті
ҚР СІМ хабарлағандай, сессияның күн тәртібінде тұрған мәселелердің арасында ХҚТҰ-ның 20-жылдығы, Сирия және Ирактағы ахуал, ұйым жұмысының өзекті сұрақтары мен басым бағыттары. Қазақстан делегациясын Қазақстанның Нидерландтағы елшісі, ҚР ХҚТҰ жанындағы тұрақты өкілі Мағжан Ілиясов басқаруда.
М. Ілиясов өз сөзінде қатысушыларды жаһандық ауқымдағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту бойынша Қазақстан Республикасының күш-жігері туралы хабардар етті. Сириялық дағдарысты шешу бойынша бейбіт келіссөздердің халықаралық алаңы ретінде танылған Астананың үлесі ерекше аталды.
2017-2018 жж. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Қазақстан өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайту жөнінде халықаралық аренада конструктивті түрде ат салысатынына назар аудартылды. Осы мәнмәтінде қазақстандық дипломат БҰҰ ҚК-нің Сириядағы химиялық қарудың қолданылуын зерттеу бойынша ХҚТҰ-БҰҰ (БТМ) Бірлескен тергеу механизмі мандатын ұзарту шешіміне жоғары баға берді.
Өз сөзінің қорытындысында М. Ілиясов қазақстандық тараптың химиялық қаруға тыйым салу Конвенциясын жүзеге асыру және оны әмбебаптандыру жұмысы шеңберінде Атқарушы Кеңес және мүше-елдерімен ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.
Атқарушы Кеңестің 84-ші Сессиясының жұмысы үстіміздегі жылдың 10 наурызына дейін жалғасады және күн тәртібіндегі құжаттар пакеттерінің қабылдауымен қорытындыланады.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті
-
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті -
Мәскеуде Қазақстан мен Ресей әріптестігінің 30 жылдығына орай конференция өтті -
Нұр-Сұлтан қаласында «Құнанбай» спектаклінің премьерасы өтті -
Қорғаныс министрлігінде Қауіпсіздік Кеңесі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті -
Елордада «Абай» альбомының тұсаукесері өтті