- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Мәжілісі электрондық астық қолхаттары жүйесін жетілдіруге енген түзетулерді мақұлдады
ҚР Мәжілісі электрондық астық қолхаттары жүйесін жетілдіруге енген түзетулерді мақұлдады
18 Желтоқсан, 2013 11:52
Бүгін, 18 желтоқсан Мәжілісте Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста астық нарығын реттеу мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер бірінші оқылымда мақұлданды, деп палатаның баспасөз қызметі хабарлады.
«Ұсынылып отырған жаңа енгізілімдер электрондық астық қолхаттары жүйесін және астық қабылдау кәсіпорнын немесе мақта өңдеу ұйымдарын уақытша басқаруды жетілдіруге бағытталған», - делінген хабарламада.
Үкіметке астық қолхаттарының мемлекеттік электрондық тізілімінің операторын айқындау өкілеттігі бекітіліп берілді, оператор аталған тізілімді жүргізуді (оның жұмыс істеуін және сүйемелденуін) жүзеге асырады.
Сондай-ақ, астық қабылдау кәсiпорнының техникалық сыйымдылығы көлемі шегінде астық қолхаттарын және оның бөліктерін беруді жүзеге асыру ұсынылды.
Түзетулерді Палата қарауына енгізген Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің атынан жалпы отырыста депутат Анатолий Маковский сөз сөйледі.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
ҚТЖ: Астық, көмір, мұнай және шөп тасымалдау мәселелері -
ШЫҰ-ға 20 жыл: Тұрақтылық пен өркендеу жолындағы ынтамақтастық -
Елорда тұрғындарының 82,5%-ы МӘМС жүйесінде сақтандырылған -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Қазақстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық серіктестік пен өзара ынтымақтастық -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі