Сенаторлар қылмыстық-атқару заңнамасына түзетулерді талқылады

10 Наурыз, 2017 18:24
Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды, деп талқылады Сенаттың баспасөз қызметі.

Заң жобасының негізгі мақсаты қолданыстағы заңнамаға жазаны даралау жүйесі, сотталғандардың жұмысқа орналасуын көтермелеу және басқа да өзгерістердің енгізілуіне байланысты Қылмыстық-атқару кодексінің ережелерімен сәйкес келтіруді көздейді.

Жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру органдарының, кәсіптік оқыту жүйесінің, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің жұмыс тәртібіне де өзгерістер енгізіледі. Сондай-ақ, заң жобасымен қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен жазаны орындау процесіне тартылған басқа мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл тәртібін регламенттейтін заңнамалық актілерге де түзетулер бар.

Заң жобасымен Қазақстан Республикасының 20 заңнамалық актісіне түзетулер енгізіледі. Олардың 5-і кодекс болып табылады: Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекс, Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Қылмыстық-атқару және Азаматтық процестік кодекстері.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 15 заңы, олардың ішінде «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы», «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы», «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы», «Білім туралы» заңдар және басқалар. Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.

 

 

 

Барлық жаңалықтар