• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қорғаныс министрлігі «Ел қорғаны» ведомстволық наградасын бекітуге бастамашылық етті

Қорғаныс министрлігі «Ел қорғаны» ведомстволық наградасын бекітуге бастамашылық етті

10 Наурыз, 2017 17:14
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссия отырысы өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Отырыста Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қ.Уәлиевтің Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған жоспарлы іс-шаралар туралы баяндамасы тыңдалды.

Гүлшара Әбдіқалықова іс-шара барысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығы мерекеленетін жыл барысында барлық орталық және жергілікті атқарушы органдар тәуелсіздігіміздің басты нышандары болып саналатын Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін насихаттау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізу қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ, комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Ел қорғаны» ведомстволық наградасын бекіту туралы ұсыныс қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

 

 

Барлық жаңалықтар