• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жаһандық интегралды қуат бойынша Қазақстан 2025 жылы 24-інші орынға жетеді – Р. Мэтьюз

Жаһандық интегралды қуат бойынша Қазақстан 2025 жылы 24-інші орынға жетеді – Р. Мэтьюз

18 Желтоқсан, 2013 11:34
Алдын ала жоспарлар бойынша, Жаһандық интегралды қуат бойынша Қазақстан 2025 жылы 24-інші орынға жетеді, деп мәлімдеді Кингстон университетінің (Ұлыбритания) Бизнес мектебі профессоры Р.Мэтьюз «Қазақстан-2050 – жаңа белестерге» монографиясының таныстырылымында.

«10-15 жыл бұрын Қазақстанды осы рейтингте 34-інші орында тұрады деп елестету мүмкін емес еді. Біздің сараптамаға сай, 2025 жылы Қазақстан 10 орын жоғарылап, 24-інші орынға жететін болады»,- деді Р. Мэтьюз.

Оның айтуынша, бүгінде Қазақстан жоғарғы экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізіп, әлемдік рейтингтерде топ жарған мемлекеттердің қатарынан көрінеді.

Аталмыш монографияға сәйкес, Қазақстан «Қазақстан-2050» Стратегиясын уақытынан бұрын тәмамдауға әбден қауқарлы екенін айтты профессор.

«Зерттеулер қорытындысына сай, Қазақстанда дамыған 30-дыққа енуге барлық жағдай бар. Біздің алдын ала болжам бойынша, осы қарқынмен кете берсе, Қазақстан 2025 жылы-ақ аталмыш мақсатты бағындырмақ», - деді Р.Мэтьюз.

 

Барлық жаңалықтар