- Басты
- Жаңалықтар
- Сенаторлар отандық білім беру мәселелерін зерделеді
Сенаторлар отандық білім беру мәселелерін зерделеді
Мемлекеттік органдардың, «Жасыл экономикаға және G-globalды дамытуға арналған коалиция» заңды тұлғалар бірлестігі басшылығымен және «Арнасай» жасыл технологиялар орталығы қызметкерлерімен кездесуде Б.Әйтімова Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев жария еткен «5 институттық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындау жөніндегі Парламенттің қызметі туралы әңгімеледі.
Сенат комитетінің басшысы Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының басымдықтарын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етуге назар аударды. Сенаторлар жаңа технологиялар қолданылатын Орталықтың қызметімен танысты, даму келешегі белгіленді. Комитет төрағасы Б.Әйтімова бұл кешен Қазақстан Президентінің Жолдауындағы төртінші басымдығы – адам капиталы тұрғысында да, «ЭСКПО-2017» көрмесінің мақсаттарын іске асыру тұрығысынан да тартымды екенін атап өтті.
Бүгінде мемлекеттік органдардың, «G-global» халықаралық хатшылығының, БҰҰ Қазақстандағы Даму бағдарламасының және басқалардың қолдауымен құрылған жасыл экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдаманы іске асыруға байланысты 25 жоба жүзеге асты. Елдегі түрлі санаттағы тұрғындарды оқытуға, шағын және орта бизнес субъектілерінің, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың «жасыл» технологияны іс жүзінде пайдалану жөнінде жүйелі білім алуға мүмкіндік туып отыр. Одан басқа, Орталық жоспары бойынша бұл жобалар «EXPO-camp» орталығының жазғы лагері жұмысының аясында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі меймандарының назарына ұсынылады.
Вячеслав орта мектебінің директоры Татьяна Немцан парламентшілерді мектеп жұмысымен таныстырды және бұл оқу орнында бюджет қаржысын елеулі түрде үнемдеуге мүмкіндік беретін жасыл технологияларды енгізудегі негізгі көрсеткіштер туралы әңгімелеп, қазіргі өзекті мәселелерді айтып берді. Кездесу барысында отандық білім берудің қазіргі жағдайы, өзекті мәселелері мен келешектегі дамуы туралы мүдделілік тұрғысында талқылау болды. Комитет төрағасы Б. Әйтімова жүздесуді қорытындылай келіп, оқу орнындағы жаңалықтармен сенаторлардың танысуымен қатар тұтастай саланың жағдайынан хабардар болғанын атап өтті. Айтылған ұсыныстар біздің еліміздегі білім беру және ғылым саласындағы заңнаманы қалыптастыру барысында ескерілетіні айтылды. Шараға Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшелері Ақан Бижанов, Әли Бектаев, Нұрлан Қылышбаев және Төлеубек Мұқашев қатысты. Бұл сапар Қазақстан Президентінің Жолдауын іске асыру және «Орта білім беру жүйесін заңнамалық реттеудің жағдайы, проблемалары және келешегі» тақырыбына арналған парламенттік тыңдауға әзірлік аясында жүзеге асты.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады