- Басты
- Жаңалықтар
- 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап қазақстандықтардың зейнетақысы 2016 жылға қарағанда 45%-ға өседі
2018 жылдың 1 шілдесінен бастап қазақстандықтардың зейнетақысы 2016 жылға қарағанда 45%-ға өседі
Министр өз сөзінде Мемлекет басшысы халыққа соңғы Жолдауында үшінші жаңғырту кезеңіне көшу қажеттігін жариялағанын еске салды. Еліміздің әлемдегі дамыған 30 ел қатарына кіруін қамтамасыз етуді көздеген бұл қадам, әлеуметттік-еңбек саласындағы өзекті мәселелерді шешуде министрлік алдына да бірқатар нақты міндеттер қойды.
«Елбасының тапсырмасы бойынша 2017-2018 жылдары зейнетақыны біртіндеп көтеруді қарастырып отырмыз. 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап ынтымақты зейнетақы мөлшері, жылдың басында қосылған 9 пайызды ескергенде, тағы 11%-ға ұлғайтылады; базалық зейнетақы мөлшері де, жылдың басында қосылған 7 пайызды ескергенде, тағы 13 %-ға көтеріледі. Нәтижесінде, біз 2016 жылмен салыстырғанда зейнетақы мөлшерін 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 20 %-ға дейін арттыруды қамтамасыз етеміз. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2018 жылдың 1 қаңтарынан 16%-ға жоғарылайтынына байланысты, мүгедектік, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және базалық зейнетақы мөлшері артатын болады", - деп мәлімдеді Т. Дүйсенова.
Министрдің айтуынша, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақыны тағайындау әдістемесі өзгереді. Жаңа тәсілге сай, ол зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты тағайындалады.
"2018 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақының орташа мөлшері (базалық зейнетақыны есептегенде) 2016 жылға қарағанда 45%-ға өседі деп отырмыз. 1998 жылдан бері, мемлекет, 1998 жылдың 1 қаңтарынан жұмыс өтілі бар азаматтарға ынтымақты зейнетақы төлеуді жалғастырып келе жатса, 2005 жылдан базалық зейнетақы төленуде. Бұл төлемдер базалық деңгейді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, 1998 жылдан, барлық қазақстандықтар жалақысының 10%-ын жинақтаушы зейнетақы қорына аударуда. Үшінші деңгей – бұл әр жұмыскері үшін 2020 жылдан бастап міндетті 5% жарна аударатын жұмыс берушілер. Осылайша, жүйемізде қаржыландырудың 3 көзі болады және ол неғұрлым әртараптандырылады. Әлемдік тәжірибеден байқағанымыздай, бірнеше деңгейлі жүйе орнықты болып келеді және көңілге қонымды зейнетақы алуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Тамара Дүйсенова.
Министр 2020 жылға қарай зейнетақымен қамтамасыз етудің жаңа үлгісі толықтай қалыптасатынын, әрі қарай даму сипатына енетінін жеткізді.
Еске сала кетсек, алдағы зейнетақы төлемдерінің өсуінің арқасында, 2017 жылдың 1 шілдесінен ең төменгі зейнетақы мөлшері (базалық зейнетақыны есептегенде) 2016 жылғы 37 789 теңгеден 45 711 теңгеге дейін көтеріледі. Зейнетақының орташа мөлшері (базалық зейнетақыны есептегенде) 55 117 теңгеден 66 676 теңгеге дейін жоғарылайды.
Зейнетақы төлемдерінің 45%-ға өсуі болжанғанын ескерсек (2017-2018 жылдары), 2018 жылдың 1 шілдесі Қазақстанда зейнетақының орташа мөлшері (базалық зейнетақыны есептегенде) 80 991 теңгеге жетеді.
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
2022 жылдың мамырына дейін қызыл төлқұжатты ауыстыру науқаны жүреді -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ -
Ауылды дамыту: 2025 жылға дейін не өзгереді -
2021 жылдың бірінші тоқсанында 683 мыңнан астам адам АӘК алды -
Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидахуал өткен жылдың жаз айларындағы жағдайға ұқсас -
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму Жоспары: стратегиялық міндеттер, коронадағдарыс салдарын еңсеру шаралары -
«Frankofonı Naýryzy 2021» мәдени маусымы 13 наурыздан бастап Қазақстанда өтеді -
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі дамуының ұлттық жоспары бекітілді -
13 мыңнан аса азамат 1 наурыздан бастап әскер қатарына шақырылады -
COVID-19: Қазақстанда вакцина қашаннан бастап егiледi, кiмдер тегiн ала алады