Реформа ашық Үкіметті құруға мүмкіндік береді – сенатор

10 Наурыз, 2017 16:45
Конституциялық реформаның саяси және құқықтық аспектілері және Үкіметтің рөлі туралы Парламент сенатының депутаты Серік Бектүргенов ОКҚ брифингінде айтып өтті.

«Саяси аспектілерге келесілерді жатқызуға болады: Президент  Үкімет пен Парламентке  өз өкілеттігін бөліп беру шешіміне   ойланып барып келді. Бұл технологиялық және  әлеуметтік жаңғыртуды қалыптастыруға  және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға қажет. Сондай-ақ, аталмыш реформа мемлекеттіліктің дамуын бірқатар жылға алға жылжытады», - деді сенатор.

Ол айтып өткендей, реформа Ұлт жоспарын  жүзеге асырудың  жұмысын келесі кезекке шығарады.

«Үкіметтің  әлеуметтік-экономикалық  өкілеттігі артады.  Бұл оған жедел әрі жауапкершілікті қажет ететін  шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Үкіметтің  Парламент алдындағы есептілігі артады.  Оған қоса, реформа Үкіметтің  жауапкершілігін кеңейтіп,  Парламент алдындағы есептілікті арттыра түседі. Үкімет пен Парламентке жүктелетін қызмет  олардың мүмкіндігін арттырып қана қоймай,  олардың жауапкершілігін арттырады. Демек, олар қабылдайтын бағдарлама жұмыстарының қорытындысын көрсетеді», - деді С.Бектүргенов.

Жалпы, сенатор айтып  өткендей, ұсынылған реформа – елдің саяси жүйесін  демократияландыру мен  конституциялық сапты нығайту   жолында үлкен қадам.

Сенатордың айтуынша, атқарушы билік  бүгінде аталмыш шешімдерді қабылдап қана қоймай,  парламент алдында жұмысының тиімділігі бойынша есеп береді.

«Сондай-ақ, реформалар  Мемлекет басшысының конституциялық мәртебесі мен  конституциялық  қызметіне тиіспейді, оның ішінде  бекітілген құзырет пен Елбасының Жоғарғы Бас қолбасшы ретіндегі мәртебесін қамтамасыз етіп қалады», - деді ол.

С.Бектүргенов айтып өткендей, конституциялық реформадағы  маңызды мәселе – оның қорытындысындағы нәтижелер.

Ақбота Күзекбай

Барлық жаңалықтар