Нидерландта Қазақстанның инвестициялық әлеуеті таныстырылды

10 Наурыз, 2017 17:12
Нидерланд кәсіпкерлік агенттігінде Нидерландтағы ҚР Елшілігі және «Kazakh Invest» Агенттігімен бірлесе ұйымдастырылған Қазақстанның инвестициялық әлеуетінің презентациясы өтті, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Нидерландтағы Қазақстанның Елшісі Мағжан Ілиясов іс-шара қатысушыларына Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының мәтіні туралы хабарлады, сонымен қатар Қазақстанның инвестициялық әлеуетіне мультимедиялық шолу жасап, Нидерландпен іскерлік ынтымақтастық мүмкіндіктерін көрсетті.

Дипломат голландтық бизнесмендерді 2017 ж. маусым айында «ЭКСПО-2017» көрмесінде Нидерланд Күні шеңберінде өткізілуі жоспарланып отырған

Қазақстандық-нидерландық Іскерлік кеңесінің үшінші отырысына қатысуға шақырды. Астанада өтетін көрмегеқатысу баламалы энергетика және энергия үнемдеу, су ресурстарын басқару, логистика және телекоммуникациялық технологиялар саласындағы қарым-қатынастарды дамытуға серпін береді деп атап өтті елші.

«Kazakh Invest» АҚ-ның Еуропалық одақтағы өңірлік директоры Асхат Бейсенбаев айтқан сөзі Қазақстанда бизнес жүргізу жағдайларымен, құқықтық кепілдіктерді құру бойынша Үкімет шараларымен, шетелдік инвесторларға арналған жеңілдіктермен таныстыруға және шетел капиталының қатысуымен кәсіпорындардың белсенділігін ынталандыруға, сондай-ақ Қазақстанның отын-энергетикалық секторын дамытуға бағытталды.

Энергетика, ауыл шаруашылық, көлік, химия өнеркәсібі, ғылым және технология саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін атап отырып, А. Бейсенбаев голланд компанияларын Қазақстанның инфрақұрылымды және индустриялық-инновациялық даму жобаларына аса белсенді қатысуға шақырды.

Таныстырылым  қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың соңына дейін Қазақстанға голландтық іскерлік делегациясының сапарын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. ҚР Елшілігі мен «Kazakh Invest» Агенттігі қазақстандық экономикаға голландтық инвестицияларды тарту мақсатымен белсенді өзара әрекеттестігін жалғастыруға ниет білдірді.

Барлық жаңалықтар