- Басты
- Жаңалықтар
- Алматының Индустриалды аймағының шеңберінде шамамен 200 гектар жер инвесторларға үлестіріп берілді
Алматының Индустриалды аймағының шеңберінде шамамен 200 гектар жер инвесторларға үлестіріп берілді
ИА аумағында өнеркәсіп өндірісін орналастыру үшін 275,6 гектар жер көзделген. Қазіргі уақытта, инвестициялық жобаларын іске асыру үшін кәсіпкерлік субъектілеріне жерді уақытша пайдалануға 204,2 гектар жер берілді.
Бұл ретте, ол бос жер телімдері алаңдарының 71,4 гектарды құрайтынын атап өтті, бұл Индустриалды аймақта резерв бар деген сөз.
Тікелей Алматы қаласына жақын үлкен алаңы бар жер телімінің болуын Ә.Бөрлібаев үлкен артықшылық деп санайды, себебі қалада өзге өнеркәсіп алаңдары мүлдем жоқ. Оның сөзіне қарағанда, бұдан бұрын ірі өнеркәсіп кәсіпорындары салынған бұл алаңдар, заманауи өндіріске сәйкес келмейді.
Бұл жерде тұрғын үй шаршылары, тұтас шағынаудандар тұрғызылған, сондай-ақ оның инфрақұрылымы судың, энергияның және басқа да инфрақұрылымның қажетті көлемдерін қамтамасыз ете алмайды. Ірі өндіріс туралы айтатын болсақ, кәсіпкерлер Алматы қаласында қажетті инфрақұрылымы бар жер телімдерін таба алмайды.
Жер телімдеріне иелік ету мәселесіне қатысты мәселе түрлі жағдайда шешілуі мүмкін. Бүгінгі күні, өндіріс құрылысының кезеңіне 3 жылға дейінгі мерзімге жерді уақытша өтеусіз пайдалану (жылына шаршы метрі үшін 42 теңге бағасымен жалға алу) құқығы беріледі. ИА аумағында жер телімдерін пайдалану құқығын Өңірлік үйлестіру кеңесі мен қалалық жер комиссиясы шешімдерінің негізінде Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдары береді.
Инвестициялық жобаны іске асыруды және өнеркәсіп нысанын пайдалануға енгізуді аяқтау кезінде кәсіпкер – не жерді әрі қарай да жалға алуды, не оны жеке меншікке сатып алуды өзі таңдай алады.
Бұдан басқа, егер жоба аса ірі болса, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитетімен келісімшарт жасасу мүмкіндігі бар, ол бойынша жер телімі кәсіпкерге заттай грант ретінде, яғни тегін, берілуі мүмкін. Бірақ, бұл шарт тек ИА үшін ғана ерекше болып табылмайды, бұл Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша солай.
Алматы қаласының Алатау ауданындағы ИА аумағы 490 гектарды құрайды, оның 156,1 гектары инфрақұрылым құрылыстарына (автомобиль жолдары, теміржол станциясы, көліктік-логистикалық орталық, әкімшілік орталығы), 56,2 гектары – электр беру құрылғыларының кернеуі жоғары желілерін шеттету аймақтарына, 275,6 гектары – өнеркәсіп өндірістерін орналастыруға арналған.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
М.Әбенов: Жер тек жұмыс істеймін деген азаматқа ғана жалға берілу керек -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Әкімдерді сайлау: «Жергілікті тұрғындар мен билік арасындағы байланыс нығаяды» -
Алматының дамуы: Эпиджағдай, денсаулық, білім, тұрғын үй саласы және инвестиция -
Биліктегі 2 жыл: несие амнистиясы, жер мәселесі және саяси-әлеуметтік реформалар -
Әкімдерді сайлау: «Бұл - жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамыту жолындағы заңды қадам»