- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысында жаңа ультразаманауи білім беру орталығы ашылды
Ақмола облысында жаңа ультразаманауи білім беру орталығы ашылды
«Ustudy» өңірлік тестілеу орталығы – бұл «Ustudy» білім беру бренді және Ұлттық тестілеу орталығы іске асырып жатқан жоба. Осыған дейін мұндай орталықтар Қазақстанның батыс, шығыс және оңтүстік өңірлерінде, Қарағанды қаласында ашылған болатын.
Көкшетау қаласының Тестілеу орталығы техникалық қамту жағынан да, дизайн мен безендіру жағынан да барлық шешімдерді жинады. Бұл жерде оқушылардың тестілеуден өту процесіне басқа көзқараспен қарауына барлық жағдайлар жасалды. Орталық бір мың шаршы метрдей аумақты алады, 150 қондырмалы орындар жаңа техникалық жабдықтармен жабдықталған. Орталықтың ішкі дизайнымен Қазақстанның алдыңғы қатарлы дизайнерлері айналысты.
Өңірлік тестілеу орталығының салтанатты ашылуына Ақмола облысының білім басқармасының өкілдері, қала мектептерінің директорлары мен педагогтері шақырылды. «U-Future» ЖШС тестілеу басқармасының басшысы Алжанбек Қайырбеков Орталық аудиториялары бойынша шағын экскурсия жасады. Ол педагогтерді «Ustudy» өңірлік тестілеу орталығының қызметімен таныстырып, педагогтердің сұрақтарына жауап берді.
«Өңірлік тестілеу орталығының ашылуы өңір педагогтерінің жұмысына көмектеседі, Ақмола облысында ғана емес, жалпы Қазақстан бойынша білім беру сапасын жақсартуға ықпал етеді» - деді Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Балым Ізбасарова.
Жыл бойы Өңірлік орталықта оқушылар сынақ тестілерінен өтеді, мемлекеттік бағдарлама бойынша алған білімдері жөнінде есеп ала алады. Бұдан бөлек, Қазақстанның үздік оқытушыларының бейнесабақтары базасына қол жеткізе алатын болады.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді