- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан «Жер сағаты» экологиялық акциясына қатысады
Қазақстан «Жер сағаты» экологиялық акциясына қатысады
Жер сағаты– Дүниежүзілік Тұмса табиғат қоры (WWF) наурыздың соңғы сенбісі күні жыл сайын өткізетін және бұқара халықты бір сағатқа жарық пен электр жабдықтарын сөндіруге үндейтін шара. Акцияны өткізудегі мақсат - әлем жұртшылығының назарын климаттың жаһандық өзгеру проблемасына аудару және адамдарды энергия мен басқа да табиғи ресурстарды үнемдеуге шақыру.
«Жер сағаты» - жарықсыз терезелер, сөндірілген теледидарлар, компьютерлер мен басқа да тұрмыстық электр құралдар акциясы. Климаттың өзгеруіне қарсы бағытталған аталмыш шараға әлемнің 1,3 миллиардтан астам адам, 128 елдің 4616-дан аса қаласы, бір сағатқа электр қуатын өшіруге уәде берген, ал олардың саны күн санап өсуде. Кеңселер мен тұрғын үйлерде жарықты сөндіру арқылы Жер тұрғындары ғаламымыздың энергиясын сақтауға өз үлесін қоспақ.
«Жер сағаты» шарасы алғаш рет 2007 жылдың наурыз айында Жабайы табиғат қорының ұсынысымен Сиднейде ұйымдастырылған болатын. Сол жылы бір уақытта Австралия астанасының 2 миллионнан астам тұрғыны мен 2 мыңнан астам компаниялардың жұмысшылары жарықты өшірді.
Нәтижесінде Сидней қаласы бір сағаттық энергия шығынын 10,2 пайызға қысқартқан. Ал 2008 жылы бұл іс-шараға бүкіл әлемнің 370 қаласынан 50 миллионнан астам адам қатысқан болатын.
Қазақстан халықаралық акцияға ресми түрде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жасалған Үндеуден кейін 2009 жылы қосылды. Оған 2 қала: Астана және Алматы қатысты. 2016 жылы акцияға млн-нан астам қазақстандық қосылды. Астанада бір сағат бойы жүздеген мекеме жарығын сөндірді.
2017 жылы акцияны өткізу шаралары басталып кетті. 2017 жылғы «Жер сағаты» акциясының ұраны – Планетаны емес, өзіңді өзгерт», ол Ақкөл өзені жағасында «Жер сағаты» халықаралық экологиялық лагерьдің бастамасымен жерді қоқыстан тазарту мақсатында өткізіледі.
Биылғы жылы акцияға Қазақстанның ірі қалалары қатысады. Олар басты сәулет нысандарының шамдарын сөндіреді. Астанада Өспен кафедралды соборы, Қазақстан Үкіметінің мекемесі болса, Алматыда – «Көктөбе» телемұнарасы мен әкімшілік кешен.
Сондай-ақ, барлық қалаларда қоршаған ортаны қорғауға арналған флешмобтар, веложүгірулер ұйымдастырылады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру