• Басты
  • Жаңалықтар
  • Конституциялық реформалар әлемдік сын-тегеуріндерге жауап беруі тиіс – Ж. Ибрагимов

Конституциялық реформалар әлемдік сын-тегеуріндерге жауап беруі тиіс – Ж. Ибрагимов

10 Наурыз, 2017 15:57
Конституциялық реформалар әлемдік сын-тегеуріндерге жауап болуы тиіс, деді ҚР Заңнама институтының жетекші ғылыми қызметкері Жамаладин Ибрагимов Қазақстандағы конституциялық реформалар туралы өз пікірін білдіре отырып.

«Осы конституциялық реформа эволюциялық жолмен жүргізілуде. Себебі қазір қоғамдағы құндылықтар өзгерген. Біз үшін үлгі тұтарлық кейбір елдерде де саяси көзқарастар, үрдістер өзгеріп келеді. Конституциялық реформа туралы айта келе, Президент олардың әлеуметтік сын-тегеуріндерге жауап ретінде қабылданатынын айтты. Сондай-ақ, олар бүгінгі қазақ қоғамындағы ұлттық сананы қалыптастыру үшін жасалып жатыр деп ойлаймын. Себебі Қазақстанның әр азаматы Конституциямен толық танысып, оны зерттеп шықты. Оны біз бір айға жуық созылған талқылау барысында байқадық», – деді Ж. Ибрагимов.

Еске сала кетейік, ҚР Ұлттық мұражайында Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысына арналған «Демократиялық даму жолындағы конституциялық реформалар» тақырыбына дөңгелек үстел өткен болатын. Іс-шараға қатысушылар Конституциядағы саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен байланысты өзгерістерді түсіндіруге тырысқан. 

Барлық жаңалықтар