• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада жыл басынан бері мемлекет кірісіне пәтерді жалға берушілерден 18 млн теңгеден аса қаржы түсті

Астанада жыл басынан бері мемлекет кірісіне пәтерді жалға берушілерден 18 млн теңгеден аса қаржы түсті

10 Наурыз, 2017 12:57
Астанада жыл басынан бері мемлекет кірісіне пәтерді жалға берушілерден 18 млн теңгеден аса қаржы түсті, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

«Елордадағы қауіпсіздік пен жайлылық» пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде тиісті тіркеусіз пәтерді жалға берумен айналысатын тұлғаларды анықтау шаралары жүргізілуде. Аталған шараны Астана қ. ІІД жергілікті полиция қызметі елордалық Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдерімен бірлесе өткізуде.

Шаралардың нәтижесінде жыл басынан бері 1000-нан аса жеке кәсіпкер тіркелді, мемлекеттің кірісіне 18 млн теңгеден аса қаржы түсті.

«Жүргізіліп жатқан жұмыс оперативті жағдайға оң ықпал етіп, жалға берілетін пәтерлерде тұратын адамдар туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Өткен жылы учаскелік полиция инспекторлары мен Астана қ. МКД қызметкерлерінің бірлескен іс-қимылының нәтижесінде қала бюджетіне 85 600 000 теңге кіріс түсті», - деп мәлім етті Астана қ. ІІД ЖПҚ бастығының орынбасары Госман Жакин.

 

Барлық жаңалықтар