Көкшетауда жаңа балабақша ашылды

18 Желтоқсан, 2013 11:32
Көкшетауда Тәуелсіздік күніне орай «Арай» бала –бақшасы Васильковский мөлтек ауданында бой көтерді, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Балабақша 240 орынға арналған. «Арай»  балабақшасы  Васильковский мөлтек ауданында бой көтерген. Мектепке дейінгі ұйымда 9 топ бар», - делінген хабарламада.
 
Балабақшаны салуға қала бюджетінен 487 млн теңге қаржы бөлінген. Жаңа ғимаратта балғындарды тәрбиелеп, оқыту үшін  жан-жақты жағдай жасалған.

Музыка, спорт залдары, хореография, физиокабинеттері жұмыс істейді.  Бүгінде облыс орталығында 32 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс істеп, биыл  балабақшамен қамту көресткіші 41 пайызға жеткен.

Барлық жаңалықтар