Қостанай облысының ауыл шаруашылығы өнімдері 0,4%-ға қымбаттады

10 Наурыз, 2017 15:14
Ауыл шаруашылығы құрылымдарымен өткізілген өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығының өнімдері 0,4%-дан қымбат болды.

Қостанай облысының статистика департаменті хабарлағандай,  барлық арналар бойынша өткізілген ауыл шаруашылығы өнімдеріне бағалар индексі 2017 жылғы ақпанда 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 100,4% құрады

Өткізу бағалары өсімдік шаруашылығы өнімдерінен картопқа 6,7%, жаңа жиналған көкөністерге – 1,2% жоғары болды, дәнді дақылдарға – өзгеріссіз қалды.

Өткізу бағалары шикі сүтке 7,8%, мал мен құсқа (тірі салмақта) – 2,6% жоғары болды, тауықтың жұмыртқасына – 14,4% төмен.

 

 

 

Барлық жаңалықтар