- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да ЕУРО-5 үлгісінде жанармай шығаратын зауыт салынады
ОҚО-да ЕУРО-5 үлгісінде жанармай шығаратын зауыт салынады
Басқосуда өңір басшысы мәртебелі меймандарға алғысын білдіріп, аймақтың өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерімен таныстырды. Сонымен қатар, облысымыздың инвестициялық және туристік әлеуетін шетел нарығына таныстыру басты басымдықтарымыздың бірі екенін айтып, бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
«Оңтүстік Қазақстанда шетелдік инвесторлар үшін бар жағдайды жасауға әкімдік жағы толықтай әзір. Бүгінде облыста 11 индустриалды аймақта 151 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатса, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақта 10 ірі кәсіпорын жұмысын жүргізіп жатыр. Мұнан бөлек, аймақтағы салаларға қаржы салған инвесторлар үшін салықтан босату сынды жеңілдіктер бар», - деді әкім.
Өз кезегінде, ресейлік алпауыт компания өкілі И.Лачугин мен қазақстандық кәсіпкер С.Сейітжанов аймақ басшысына бірлескен жоба әзірлеп жатқанын жеткізіп, Еуро-5 стандарты бойынша мұнай химия комбинатын салу жұмысын қолға алуды жоспарлап отырғанын айтты. Жоспар бойынша жаңа зауыт жылына 2 млн. тонна шикізатты қайта өңдеуге қауқарлы. Бүгінгі таңда сенімді серіктестер іздестіріп жүрген бизнесмендер әкімдік тарапынан жасалатын қолдаулар үшін аймақ басшысына алғысын білдірді.
Айта кету қажет, Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда байланысы 2016 жылы 13583,5 млн. АҚШ долларын құраса, оның 3509,2 млн. АҚШ доллары экспорт, 9129,8 млн. АҚШ доллары импорт тауарлардың құны алады.
-
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі -
COVID-19: Созылмалы аурулары бар науқастарға вакцина қалай салынады -
Энергетика министрлігінің алқа жиыны: Мұнай саудасы, уран өндірісі, электр энергиясының өнімділігі -
COVID-19 қарсы вакцинация: кімдерге салынады, кімдер үшін қауіпті, препарат қалай жеткізіледі -
СҚО-ның дамуы: Зауыт-фабриканың іске қосылуы, инвестиция көлемінің артуы және өңірдегі эпиджағдай
-
Ауыл шаруашылығын дамыту: Жаңа зауыттар мен фабрикалар пайдалануға беріледі -
Ауыл шаруашылығын дамыту: Жаңа зауыттар мен фабрикалар пайдалануға берілмек -
А.Цой: Мaска режимін сақтaмағандарға айыппұл салынады -
ФОТО: Нұр-сұлтан қаласында тәулігіне 180 000 дана медициналық бетперде шығаратын өнеркәсіп ашылды
-
Е.Тоғжанов: Карантин шараларын бұзғандарға айыппұл салынады -
Түркістан облысында тігін фабрикасы салынады -
"Нұрлы жер" бағдарламасы аясында Маңғыстау облысында 9500 тұрғын үй салынады -
Б.Атамқұлов: Алматыда жеңіл автомобиль шығаратын өндіріс орны іске қосылады