- Басты
- Жаңалықтар
- ЕАЭО елдеріндегі ауыл шаруашылығы техникасы арзандайды
ЕАЭО елдеріндегі ауыл шаруашылығы техникасы арзандайды
«Бұл шешім ауыл шаруашылығы қажеттіліктері үшін техника импортын ұлғайту жағдайларында әсіресе өзекті. 2015 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы импорты 18% өскен. Бұл жерде электрондық компоненттер, қозғалтқыштар мен трансмиссиялар туралы сөз қозғалады. Көлемнің төрттен бір бөлігіне жуығын жиынтықтаушы бұйымдар құрайды», - деп түсіндірілді Еуразиялық экономикалық комиссияда.
Өсім ауыл шаруашылығы техникасының негізгі түрлері өндірісінің тұрақтауымен байланысты. Ресейлік өндіріс өнімі алғаш рет ауыл шаруашылығы машиналары нарығында басым бола бастап, 2016 жылы ЕАЭО нарығының жалпы көлемінен 54% құрады.
Қымбат бағалы бұйымдар импортын қысқарту ауыл шаруашылығы техникасы өндірісінің құнын төмендетеді, бұл дайын өнім бағасының төмендеуіне әкеледі. Болашақта осы шара жалпы ауыл шаруашылығын дамытуға оң әсер етіп, Одақ мемлекеттерінің техникалық деңгейін арттыруға және жаңа технологияларды игеруге ынталандыруға ықпал етеді.
Саланы дамыту үшін инвестициялар тарту, ЕАЭО аумағында ұқсас өнімдер өндірісін ұйымдастыру жөніндегі бірлескен бағдарламалар мен жобаларды іске асыру, шетелдік өндірушілердің қатысуымен мұндай өндірістерді ұйымдастыруға жәрдемдесу сияқты механизмдер пайдаланылатын болады.
Осылайша, ЕАЭО кәсіпорындарында инновациялық кәсіпорындар құру жөніндегі бірлескен бағдарламалар мен жобаларды қаржылай қолдауға бағытталған шараларды қолдану, жиынтықтаушы бұйымдарды өндіру үшін қажетті жабдықты жеңілдікті шарттарда лизингке алу, мүше мемлекеттердің аумағында шығарылатын жиынтықтаушы ұқсас өнімдердің сәйкестігін растау мүмкіндігі болады.
-
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады -
Балық шаруашылығын дамыту: Қолға алынған шаралар -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады