- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Ресей теміржол кәсіподақтары өзара серіктестікті дамытуға уағдаласты
Қазақстан мен Ресей теміржол кәсіподақтары өзара серіктестікті дамытуға уағдаласты
Келісім мақсаты - Теміржолшылар халықаралық кәсіподақ конфедерациясы аясында «Ресей теміржолдары» ААҚ-ның Қазақстан аумағындағы филиалдары еңбеккерлері мен «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ-ның Ресей аумағындағы филиалдарының теміржолшылары мен көлік құрылысы саласындағы кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік еңбек құқықтарын қорғау болып табылады.
О. Ахметбаевтың айтуынша, «кәсіподақтар келісімді жүзеге асыру үшін Жарғыда көрсетілген өз құзыреттері шегінде өзара серіктестікті пайдаланды. Оның ішінде Ұжымдық шарттар мен ұлттық еңбек заңдары кепілдіктерін орындайды».
Соған қоса, екі компанияның филиалдарында қызмет ететін еңбеккерлер арасындағы кәсіподақ мүшелеріне құқықтық кеңестер беріледі. Кәсіподақтар жұмыс берушілермен келіссіздер жүргізіп, келісімдер мен ұжымдық шарттар жасауға араласып, кәсіподақ кадрлерінің біліктілігін көтеру, салауатты өмір салты мен денешынықтыруды насихаттайтын болады.
Роспрофжел төрағасы Н. Никифоровтың айтуынша, «тараптар келісімнің барлық баптары бойынша келісімге келген. Ендігі жерде кәсіподақтардың ынтымағы «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «РТЖ» ААҚ ұжымдарының корпоративтік мүдделері қолдау табатын болады».
Айта кетерлігі, екі елдің теміржолдарының технологиялық шекаралары мемлекеттік шекарамен сәйкес келмейді. Мәселен, Петропавл станциясы Ресейдің Оңтүстік –Орал теміржолына кіреді. Елек пен Локоть станциялары Ресей аумағында болғанымен Қазақстанның теміржолына бағынады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды