• Басты
  • Жаңалықтар
  • БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі сириялық мәселе жөніндегі Астаналық процестің рөліне баға берді

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі сириялық мәселе жөніндегі Астаналық процестің рөліне баға берді

10 Наурыз, 2017 09:48
Қазақстан делегациясы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Сириядағы саяси жағдайды реттеу мәселесі жөніндегі отырысқа қатысты. Отырыс барысында Сирия бойынша БҰҰ Бас хатшысының арнайы елшісі Стаффан де Мистура сөз сөйледі.

ҚР СІМ хабарлағандай,  Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері Сирия Араб Республикасының  шекаралық біртұтастығы мен бірлік, тәуелсіздік, егемендігі  үшін екенін нақтылады. Дағдарысты шешудің ең басты жолы  жалпы сириялықтардың қатысуымен жалпы саяси үрдіс өткізу керек екендігі тілге тиек болды. Ол  2012 жылдың  30 маусымында өткен  Женевалық коммюникеге негізделуі керек.

Отырысқа қатысушылар 2017 жылдың  3 наурызында Женевада БҰҰ  ұранымен өткен ішкі сириялық келіссөздердің төртінші раундының аяқталуын құптады.

Қауіпсіздік Кеңес мүшелері саяси келіссөздерді жалғастыру  соғысты тоқтату режимінің  тоқтатылуы нәтижесінде жүзеге асты.

Ол сириялық дау тараптарын  аталмыш режимді толық қадағалауға шақырды.

БҰҰ арнайы елшісі  сириялық мәселе жөніндегі Астаналық процестің рөліне баға берді. С.Де Мистураның  пікірінше, Женевалық келіссөздердің кезекті раундын өткізген соң  Астана рөлі сириялық жағдайды реттеуде арта түседі. 

Барлық жаңалықтар