- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР аумағы арқылы ҚХР-ға ресейлік мұнайды тасымалдаудың жаңа құны бекітілді
ҚР аумағы арқылы ҚХР-ға ресейлік мұнайды тасымалдаудың жаңа құны бекітілді

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылдың 1 наурыздағы №80 бұйрығымен 2017-2018 жылдарға Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына жылына 10 млн тоннаға дейін мөлшерде ресейлік мұнайды тасымалдау құны 1 тонна үшін ҚҚС-ты есептемегенде 11 АҚШ доллары 36 цент көлемінде бекітілді, оның ішінде:Ресей Федерациясының шекарасы – Қазақстан Республикасының шекарасы (Прииртышск) – Атасу (Қазақстан Республикасы) учаскесінде, «Атасу» БМАС-та мұнайды ауыстырып құюды қоса алғанда ҚҚС-ты есептемегенде 1 тонна үшін 3 АҚШ доллары 11 цент;
Атасу (Қазақстан Республикасы) – Алашаңқай (Қытай Халық Республикасы) учаскесінде ҚҚС-ты есептемегенде 1 тонна үшін 8 АҚШ доллары 25 цент.
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына ресейлік мұнайды тасымалдау құны 2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына ресейлік мұнайды тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) сәйкес бекітіледі. Келісім аясында «ҚазТрансОйл» АҚ пен «Роснефть» ҰК» ААҚ арасында 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап Прииртышск – Атасу – Алашаңқай бағыты бойынша жылына 7 млн тонна көлемінде Қытайға мұнай тасымалдау қызметін ұсынуға арналған шарты қолданылып келеді. Аталмыш бағыт бойынша ресейлік мұнайды тасымалдаудың бұрыңғы құны ҚҚС-ты есептемегенде 1 тонна үшін 9 АҚШ доллары 80 центті құраған.
Келісімнің уәкілетті тараптары болып саналатын «ҚазТрансОйл» АҚ пен «Роснефть» ҰК» ААҚ 2016 жылдың 27 желтоқсанында жоғары аталған келісім-шартты қосымша келісіммен толықтырды, атап айтқанда ресейлік мұнай транзитінің көлемін 2017 жылдан бастап жылына 10 млн тоннаға дейін ұлғайту қарастырылған. Бұл ретте 2017-2018 жж. аралығында тасымалданатын мұнай құны барлық тасымалданатын мұнай көлеміне (10 млн тонна) тоннасына 11 АҚШ доллары 36 центті құрайтын болады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі
-
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді
-
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты
-
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді
-
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер
-
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды
-
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді
-
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр
-
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер
-
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады
-
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары
-
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру
-
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді

