- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында 10 су қоймасы салынбақ
Ақтөбе облысында 10 су қоймасы салынбақ
Өңірде суармалы жерлер алаңын кеңейту үшін су қоймаларын қайта құру жұмыстары жалғасуда
Еске сала кетейік, 2016 жылы Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен суармалы жерлер алаңын кеңейтіп, Ақтөбе қаласындағы жасыл желектерді су ресурстарын оңтайлы пайдалана отыра үнемі суаруға мүмкіндік беретін жобаны жүзеге асыру басталған болатын.
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Сазды су қоймасының қайта құру барысын қарап шықты. «Қазсушар» РМК Ақтөбедегі бөлімшесінің басшысы Бекзат Наметов қазіргі таңда 49 жыл пайдаланынылып, тозығы жеткен су құрылысының кейбір бөлігінің қайта жасақталатынын айтты. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде су қоймасының сыйымдылығы қазіргі 6 млн текшеметрден 7,5 млн. текше метрге дейін, ал су қоймасының суарушы мүмкіндігі 400 гектардан, 1 000 гектарға дейін артпақ. Артық су Сазды өзеніне құйылып, Ақтөбе қаласындағы жасыл желектерді, гүлзарларды ауызсуды шығындамай-ақ үнемі суарып отыру мәселесі шешіледі.
Су қоймасын үйінділер мен шөгінділерден тазарту, су есептегіш құралдарын қондыру, тоғандарды, күзет бекеттері мен бейнебақылауларды сыртқы жарықтандыру және ішкі электрмен жабдықтау шаралары жалғасуда. Ағымдағы жылы тоғандардың жоталарына дабыл бағандарын орната отырып, асфальттау және т.б. жоспарда бар. Қайта құруға бөлінген 131, 8 млн. теңгенің 118,3 млн теңгесі құрылыс-монтаждау жұмыстарынажұмсалады. 2016 жылы 30 млн теңге игерілсе, осы жылы құны 88,1 млн теңге болатын іс-шараларды жүзеге асыру жоспарлануда.
- Өңірдегі жұмыс жасап тұрған су қоймаларының техникалық жағдайын әрі қарай жақсарту шараларын қолға алып, АӨК саласындағы 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында салынатын 10 жаңа су қоймасының құрылысының мәселесін тезірек шешу қажет. Бұл суармалы жерлер алаңын, су қорын кеңейтуге мүмкіндік береді,-деп Бердібек Сапарбаев жауапты жергілікті атқарушы органдарға тапсырма берді.
Белгілі болғандай, бірінші кезеңде суармалы жерлер алаңы 18700 гектардан 40 мыңға дейін, екінші кезеңде алаң 70000-80000 гектарға дейін артпақ. Сонымен қатар, 10 жаңа су қоймасы 600 млн текше метр қарды қабылдай алатын болады.
Аймақ басшысының бастамасымен Ақтөбеде сонымен бірге Сазды өзенін Ақтөбе су қоймасымен жалғайтын 11 шақырымдық су бұрғыштың құрылысы бойынша жұмыстар жалғасуда. Су бұрғыш арқылы артық су өзенге құйылып, қосымша су таратқышты орнату арқылы облыс орталығындағы жасыл желектерді күтіп-баптау үшін пайдаланылмақ. Ақтөбе қаласының әкімдігі жұмыс жобасын жасауда. Ақтөбе қаласындағы жалық аумақты кеңейту мен жөнелтудің бағдарлы құны 2,5 млрд теңгені құрайтын болады. Қаржыландыру көзі – Еуропалық қайта құру және даму банкі.
Сонымен қатар, өңір басшысы қарды тоқтату жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті