• Басты
  • Жаңалықтар
  • Чехияның СІМ басшысы ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай мерейтойлық медалмен наградталды

Чехияның СІМ басшысы ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай мерейтойлық медалмен наградталды

9 Наурыз, 2017 19:18
Прагада Қазақстанның Елшісі Сержан Әбдікәрімовтің Чехия Сыртқы істер министрі Любомир Заоралекпен кездесуі болып өтті, кездесу барысында қазақстандық дипломат Чехия СІМ басшысына Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай мерейтойлық медалін табыс етті.

ҚР сыртқы саяси ведомствосында хабарлағандай, С. Әбдікәрімов Л. Заоралекке медальді табыстап, оның Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Қазақстан мен Чехия арасындағы екіжақты қатынастардың қалыптасуы мен дамуына қосқан елеулі үлесі үшін наградталғанын атап өтті.

Чехия СІМ басшысы көрсетілген құрмет үшін алғыс айтып, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа шынайы алғыс білдіру сөздерін жеткізуді сұрады.

Кездесу барысында дипломаттар екі ел арасында әр түрлі салаларда серпінді дамып жатқан ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективаларын талқылады.

Барлық жаңалықтар