- Басты
- Жаңалықтар
- Конституциялық реформа Парламент пен халықтың өкілеттіктерін кеңейтеді – депутат
Конституциялық реформа Парламент пен халықтың өкілеттіктерін кеңейтеді – депутат
«Заңды қабылдау үшін жалпы ел бойынша едәуір жұмыс жасалды. Комитеттер, Парламенттің әрбір депутаты Президенттің қаңтарда жасаған мәлімдемесіне қатысты құжатты зерттеп, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізген болатын.Осы кезең ішінде еліміздің азаматтарынан, Мемлекет басшысының ұсыныстарын толық қолдаған заңды тұлғалардан 6 мыңнан астам ұсыныс келіп түсті. Бұл біздің азаматтарымыздың 6 наурызда аяқталған жұмысқа қызығушылық танытқанын білдіреді», - деді В. Редкокашин.
Сондай-ақ, ол еліміздің Конституциясына енгізілетін өзгерістер оң сипатқа ие екенін және, ең алдымен, елімізді одан әрі демократияландыруға бағытталғанын атап өтті.
«Барлық өзгерістер мен толықтырулардың негізгі мәні, ең алдымен, Парламенттің өкілеттіктерін кеңейту, ал бұл халық өкілеттіктерін кеңейту болып табылады. Бұл Үкіметті және Үкіметтің өздері көздеген міндеттердің орындалуы үшін жауапкершілігін күшейту. Парламенттік корпус өкілеттіктерінің кеңеюімен депутаттардың қабылданатын шешімдер мен жалпы елдің дамуы үшін жауапкершілігі де өсетінін айтып өту керек », - деп атап өтті В. Редкокашин.
Ол, сондай-ақ, 91-баптың маңызы мен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ерекше рөлін де атап өтті.
«Бүгінде өз өкілеттіктерінің бір бөлігін өз еркімен тапсыратын ұлт көшбасшылары аз шығар. Президент бұл қадамға елімізде әрдайым болып жатқан демократиялық бастамаларды тағы да кеңейту үшін баруда. 91-бапта біздің басты дәулетіміз – Қазақстан егемендігінің мызғымастығы анық әрі ашық айқындалған. Дәл осы бапта Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ерекше рөлі атап көрсетілген. Осы бап бүгінгі таңдағы тәуелсіздіктің өзін, мемлекетті басқару қағидаттарын өзгертпейді. Бұл мемлекеттік билік туралы айтылған және Президенттің зор үлесі көрсетілген маңызды бап. 6 наурызда біз осы заңды бірауыздан қабылдаған едік. Мұнда бірізділік те, болашаққа деген сенім де бар», - деп қорытындылады В. Редкокашин.
Қайрат Жандыбаев
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері