• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қ. Мәми қазылар имиджін көтеру мен Судьялық этика кодексін жетілдіруді тапсырды

Қ. Мәми қазылар имиджін көтеру мен Судьялық этика кодексін жетілдіруді тапсырды

18 Желтоқсан, 2013 11:23
Жұмыс кеңесінде Жоғарғы Сот төрағасы Қайрат Мәми қазылар имиджін көтеру мен судъя әдебін көтеруді тапсырды, деп хабарлайды ҚР Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі.

«Жұмыс кеңесінде VI Қазылар съезінің шешімі мен онда Мемлекет басшысы тарапынан берілген тапсырмаларды орындау мәселесі талқыланды», - делінген хабарламада.

Жұмыстың басты бағыттарының бірі ретінде қазыларға сенімді арттыру мен мемлекеттің биліктің бір тармағы ретінде сот жүйесіне халықтың оң көзқарасын тудыру болды.

Сонымен қатар, Қ. Мәми қазылар имиджін көтеру мен Судьялық этика  кодексін жетілдіруді тапсырды.

«Сот жүйесінің халықаралық имиджін көтеруге бағытталған жобаларды халықаралық бірлестіктермен бірігіп ұйымдастыру мақсатында әріптестікті кеңейту керек», - деді Жоғарғы Сот төрағасы.

Барлық жаңалықтар