- Басты
- Жаңалықтар
- Көкшетауда бала асырап алу орталығынан 14 бала көмек алды
Көкшетауда бала асырап алу орталығынан 14 бала көмек алды
«Біздің мақсатымыз – жетімдерсіз Қазақстан. Баланың толық әлеуметтік дамуының басты шарттарының бірі отбасының амандығы болып табылады. Баланың отбасында өскені біз үшін аса маңызды», - деді «Ана үйі» ҚҚ Ақмола облысы бойынша бала асырап алу орталығының қызметкері Құралай Жұмабекова.
Осы жоба аясында Ақмола облысында тұрақты түрде жұмыс істейтін Бала асырап алушы ата-аналар мектебі құрылған. Мектепте тағылымдама өткізетін жаттықтырушы-психологтар сабақ береді. Хабарламада олар жүргізіп жатқан бала асырап алушы ата-аналарға арналған тренингтік бағдарлама халықаралық тәжірибе негізінде әзірленіп, Қазақстан үшін бейімделгені жайында айтылған. Бағдарлама 12 модульден тұрады (әрқайсысы 3 сағаттан), ол ықтимал бала асырап алушы ата-аналарға ойластырылған шешім қабылдауға мүмкіндік береді, ата-аналар мен отбасын балалар үйінен бала асырап алуға дайындайды.
Сондай-ақ, бұл жерде болашақ ата-аналар медицина, құқық, педагогика және психология саласындағы базалық білімді, яғни, жетім баланың ерекшеліктері туралы білімді, баланы тиімді тәрбиелеу және оған қамқорлық көрсету тәсілдерін меңгереді. Мектептің аз ғана жұмыс істеген кезеңі ішінде 18 отбасы оқудан өтіп, олардың 11-і отбасыларына балаларды қабылдаған.
Республикамызда 2017 жылғы қаңтардан бастап отбасылық құрылыстың «Бала асырап алушы отбасы» атты тағы бір нысаны жұмыс істей бастады. Ол бойынша жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған төрт баладан он балаға дейін асырап алуға болады.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады