- Басты
- Жаңалықтар
- Шетелдік инвесторлар ҚР-да геологиялық барлау жұмыстарын өткізуге мүдделі
Шетелдік инвесторлар ҚР-да геологиялық барлау жұмыстарын өткізуге мүдделі
Кездесуге ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры Руслан Баймишев, «Қазгеология» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Елдар Тағаш және Қазақстанның Канададағы елшілігінің өкілдері қатысты.
Тараптар геологиялық барлау жобаларын жүзеге асыру саласындағы өзара ынтымақтастықты дамытудың перспективалары мен қазіргі жағдайын, сондай-ақ, жер қойнауын пайдалану саласында жоспарланып отырған заңнамалық реформаларды, геологиялық барлауға тартылатын инвестиция көлемін арттыру мүмкіндіктері мен қазақстандық мамандарды оқыту мәселелерін талқылады.
Тимур Тоқтабаев геологиялық барлауға инвестиция тартуды қамтамасыз ететін Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы жаңа Кодекс жобасы жайында, сонымен қатар, салық салу жүйесіне енгізілетін өзгерістер мен Алматы қаласында геологиялық кластер мен Қазақстанда халықаралық сертификатталған зертхана құру жоспары туралы айтып берді.
Вице-министр «Rio Tinto» концернімен стратегиялық ынтымақтастықты ерекше атап өтіп, Қазақстанда жаңа лицензиялық үлгі бойынша геологиялық барлау көлемін арттырудың мүмкіндіктеріне тоқталды. Атап айтқанда, концернге алмаз іздеу бойынша геологиялық барлау жүргізу және аталған жұмыстарды "КазГеоТек" компаниясымен бірлесіп, Жамбыл облысында аэрогеофизикалық зерттеу жұмыстарынан бастау ұсынылды.
Өз кезегінде Дейв Эндрюс Қазақстан Үкіметі елде қалыптасқан қолайлы инвестициялық ахуалды одан әрі нығайтарына сенімді екенін айтты. Rio Tinto компаниясы Жер қойнауы туралы жаңа Кодекстің енгізілуіне қызығушылық білдірді, сондай-ақ, олардың келісім шарттары әлемде қабылданған салық режиміне (роялти) өтеді деп үміт артады.
Бүгінгі таңда Rio Tinto компания жұмыс жүргізіп жатқан әлемнің 14 елінің геологиялық барлауына 100 млн. АҚШ долларын аударуға ниетті. Олардың қатарында Қазақстан да бар.
Концерн басшыларының сөзінше, ҚР Жер қойнауы туралы жаңа Кодекстің енгізілуі және геологиялық әлеует пен жарияланған реформа сенімділік ұялатқандықтан Қазақстанға айрықша көңіл бөлінеді.
Кен Тейнтон «Қазгеология» АҚ-мен ынтымақтастықтың және концерннің геологиялық қызмет тәжірибесін пайдалану арқылы Қазақстанда кәсіби команда құру жоспарының маңызды екенін атап өтті.
Rio Tinto ұлттық дерек қорын құру бойынша және геологиялық ақпаратты жүйелендірудің озық тәжірибесін енгізуді қамтамасыз ету, қазақстандық мамандарды оқыту бойынша бірлесе жұмыс істеуге мүдделі.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
15,7 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр -
АШМ: Егін егу науқаны мен көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру -
14 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр -
Меморгандардың ақпараттық және түсіндіру жұмыстарына қойылатын талап күшейтілмек -
Расул Жұмалы: Жер комиссиясы, латифундистер мен 10 сотық жер туралы -
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді енгізуге мүдделі -
Жердің шетелдіктерге сатылмауы мен жалға да берілмеуі – халық күтіп отырған ең басты мәселе. Сарапшылар пікірі -
Ауыт Мұқибек: Жер дауына қойылған нүкте – қазақ тарихына алтын әріппен жазылған шешім -
Қарағандыдағы геохимиялық зертхана 40 мың геологиялық сынамаға зерттеу жүргізді -
Astana Hub: Инвесторлар мектебі мен Invest Day жұмысы қорытындыланды -
«Қазақ халқына көреген Ұлы көшбасшы бола білді»: Назарбаев хақында шетелдік сарапшылар пікірі -
Жолдау-2020: Шетелдік сарапшылар не дейді -
Astana Hub: Инвесторларға арналған курсқа қалай қатысуға болады