- Басты
- Жаңалықтар
- ЭКСПО-2017 жаһандық ұлттық жоба мәртебесіне ие болуда – Н.Нығматулин
ЭКСПО-2017 жаһандық ұлттық жоба мәртебесіне ие болуда – Н.Нығматулин
«Болашақ көрмесі» деп аталатын ұлттық жобаның басты мақсаты – қоғам назарын электр қуатын орынды жұмсау мәселесіне аудара отырып, энергия қуатын таусылмайтын инновациялық энергия қуатымен алмастыру.
Жиналыс барысында орасан жұмыстар атқарылғанын алға тарта келіп, Мәжіліс Төрағасы тура 3 айдан кейін көрікті Елордамыздың энергия саласындағы әлемдік үздік әзірлемелерді паш ететін орталыққа айналатынын атап өтті. Осы ретте Мәжіліс Төрағасы:
«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халықаралық жоғары беделінің арқасында біздің еліміз осы ғажайып әрі бірегей шараны өткізуге мүмкіндік алды»,-деді.
Мәжіліс Төрағасының пікірінше, ауқымды шараға белгілі бір деңгейде депутаттық корпустың да өз үлесі бар. Мәселен, Парламентте халықаралық көрмелер туралы Конвенция ратификацияланды, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі мәселелері жөнінде Заң қабылданды.
Айта кетейік, жиынға «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов, басқа да жауапты департаменттер басшылары қатысып, көрме жұмысы жайында толыққанды мәлімет берді. Алдағы жоспарлар жайында да тыңғылықты баяндады.
Көрме жұмысымен танысу кезінде Мәжіліс депутаттары Қазақстанның ұлттық павильоны-Сфера, халықаралық павильондар, Конгресс-орталық, бірыңғай қызмет көрсету орталығы, ЭКСПО-қалашық сынды нысандарға айрықша назар аударды.
Айта кетейік, Ұлттық павильонның құрылысы 2017 жылдың мамыр айында толықтай аяқталады.
Қазіргі кезде бұл нысанда ішкі құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.
Шара барысында депутаттар ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне билеттер сатып алды
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері