- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР БҒМ толықтай электрондық форматқа көшу туралы шешім қабылдады
ҚР БҒМ толықтай электрондық форматқа көшу туралы шешім қабылдады
«Біз ілгері қарай жылжуымыз керек. Министрлікке қағаз жүзіндегі есептілік қажет емес. Біз электрондық форматқа көшуді шештік. ҰБДҚ мен электрондық журнал арасында министрлікке қажетті барлық деректерді орналастыру керек. Сондықтан біз Қаржымині мен прокуратура өздерінің тексерушілеріне электрондық есептіліктің қағаз жүзіндегі есептілікке тең екені туралы түсініктемелер шығаруы үшін олармен жұмыс жасап жатырмыз. Ұлттық білім беру дерекқоры мен «Күнделік» арасындағы қағаз жүзіндегі есептілікті алып тастай аламыз», – деді Е. Сағадиев.
Министрдің айтуы бойынша, оны қажет етпейтін мектептер болса, олардың электрондық журналды енгізбеуге толық құқығы бар.
«Күнделік» пилоттық режимде енгізіліп жатыр, тізімді облыстық білім басқармалары ұсынады. Ал олар әкімдіктерге бағынады. Сонымен бірге, егер қандай да бір фирма келіп, басқа немесе сол мектептерді таңдаса және пилоттық режимде енгізуге ниет білдірсе, мектептер қарсы болмаған жағдайда оған тыйым салынбайды. Толық құжаттар жобасымен бір ғана компания өтінім берді – ол «Күнделік» компаниясы. Алайда, екінші компания қатысуға жазбаша түрде өтінім бергенімен, оның тұжырымдамасы, қаржы-экономикалық негіздемесі, ТЭН болмаған. Біз барлық рәсімдерді тексердік. Дегенмен, «Атамекен» және IT Қауымдастығы бізге әзірлеушілермен кездесу туралы өтініш білдірген еді. Ең бастысы, Қазақстанда ілгерілеу болуы, мұғалімдер қағазбастылықтан құтылуы тиіс, біз қандай да бір компанияны жылжытуға мүдделі емеспіз. Жалғыз талап – оның тегін болуы», – деді Е. Сағадиев.
Сондай-ақ, ол бүгінде интернет желісі мектептердің барлығында бірдей қамтамасыз етілмегенін атап өтті.
«Егер біз «Күнделік» мәселесін шешсек, бізде интернет желісін қосу проблемасы ғана қалады. Компьютерлер сатып аламыз, бір сыныптан басқа сыныпқа жүгірмеу үшін әкімдерге әрбір сыныпқа Wi-Fi орнату туралы өтініш жасаймыз. Бұл мәселені қалай да шешу керек. Оған қоса, бізде Дүниежүзілік банкпен жоба бар, онда нашар мектептерді, әсіресе ауылдарда орналасқан және шағын жинақталған мектептерді материалдық және техникалық жарақтандыруды жоспарлап отырмыз», – деп мәлімдеді Е. Сағадиев.
Қайрат Жандыбаев
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
БҒМ: Мектепке жұмысқа тұру тәртібі, тестілеуді электронды форматқа көшіру және дипломды цифрландыру -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды