• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада РҒА халықаралық сарапшыларының «Қазақстан-2050 – жаңа белестерге» атты монографиясы таныстырылды

Астанада РҒА халықаралық сарапшыларының «Қазақстан-2050 – жаңа белестерге» атты монографиясы таныстырылды

18 Желтоқсан, 2013 11:10
Бүгін Астанада Ұлттық баспасөз клубында Ресей ғылым академиясы экономикалық стратегия институтының халықаралық сарапшылар тобының «Қазақстан-2050 – жаңа белестерге» монографиясының таныстырылымы өтті.

Таныстырылымның басы-қасында халықаралық сарапшылар тобы профессорлар  А. Агеев пен Р. Мэтьюз болды.

Монографияда көрсетілген зерттеулер Жаһандық интеграциялық қуат көрсеткіші мен белгілі бір экономикалық көрсеткіштерді қамтиды.

Айта кету керек, аталмыш көрсеткіш алдыңғы қатарлы математикалық модельдер мен мемлекеттің экономикалық индикаторларына негізделген.

Профессор Агееевтің айтуынша, Жаһандық интеграциялық қуат бойынша Қазақстан 34-інші орыннан көрінеді.

 
 

Барлық жаңалықтар