- Басты
- Жаңалықтар
- Қарулы Күштерде алғашқы рет келіссөз үдерісінің мамандарын даярлайды
Қарулы Күштерде алғашқы рет келіссөз үдерісінің мамандарын даярлайды
Жиын Қазақстанның Қарулы Күштерінде алғашқы рет өткізілуде. Оның өзектілігі заманауи қақтығыстардың себептері мен сипатын, оларды бейбіт тәсілімен шешу жолдарын терең зерделеу, келіссөз үдерісін шеберлікпен жүргізу дағдыларын өңдеу қажеттілігінен туындап отыр. Негізгі мақсаты әскери қызметшілердің наразылық акцияларды ұйымдастырушылармен және оның қатысушыларымен келіссөздер жүргізу жөніндегі базалық дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтарды өткізу үшін жиындарға Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану кафедрасының және С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті кәсіби даярлық кафедрасының мамандары шақырылды.
Олар кәсіби оқу-әдістемелік деңгейде білімдерді практикада бекіте отырып, әскери қызметшілердің теориялық даярлығын өткізді. Тренингтерде ықтимал қақтығыс жағдайлары модельденді және үйренушілер инструкторлардың жетекшілігімен оларды бейбіт келіссөздер жолымен шешуге үйренді. «Біз қақтығыс жағдайының психологиясын, келіссөз үдерісінің жалпы принциптерін, келіссөз үдерісндегі стратегияны, тактика мен ерекшеліктерін терең зерделедік. Әртүрлі адам топтарымен және адамдар топтарына әсер ету техникасымен келіссөздер жүргізу әдістері бойынша практикалық сабақтар ерекше қызығушылық тудырды. Біз ие болған дағдылар оларды бейіндік қолданумен қатар жеке құраммен практикалық қызметте де, әртүрлі қақтығыс жағдайлары туындаған кезде сындарлы диалог құру кезінде де жарайды деп ойлаймын», - деді курсқа қатысушы, 55765 әскери бөлімінің тәрбие және иделогиялық жұмыстар жөніндегі офицері лейтенант Зульфия Увалиева.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсы басталды -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
CFA Institute ® алғаш рет қазақстандық университеттің бағдарламаларын мойындады -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
«Ashyq» қосымшасы: алғашқы нәтижелер, тиімділігі және өңірлерге таралуы -
ШОБ-ты қолдау: Бизнеске жүктеме азайтылып, жаңа реттеу саясаты енгізілмек -
QAZVAC вакцинасының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтілді -
Ықпалды күштер бәсекесі: қарулы қақтығыстан жұмсақ күшке дейін -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Педагогтерге алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы табыс етілді