• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі II Елизавета Патшайымға сенім грамоталарын табыстады

Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі II Елизавета Патшайымға сенім грамоталарын табыстады

9 Наурыз, 2017 13:48
Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Ерлан Ыдырысов II Елизавета Патшайымға сенім грамоталарын табыстады, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Букингем  сарайында  өткен   салтанат барысында  Е.Ыдырысов  Ұлы мәртебеліге  ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  атынан ізгі тілектерін жеткізіп, II Елизавета    Патшайымды тақтағы  65 жылдығымен құттықтады.

Кездесу аясында Қазақстан елшісі  екі ел арасындағы қарым-қатынастың  жоғары  деңгейін атап өтті. Саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, құқықтық  және мәдени-гуманитарлық салада  ынтымақтастық орнатылған.

Өз кезегінде  II Елизавета   Патшайым Қазақстан мен Ұлыбритания  арасындағы  ынтымақтастықты  нығайтудың  маңыздылығын атап өтті.

 

Барлық жаңалықтар