Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Қазақстандықтар құжаттардың дайындығы туралы SMS арқылы біле алатын болады – Азаматтарға арналған үкімет

Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері туралы ұялы телефонға SMS-хабарлама жіберу жаңа қызметін тестілік режимде іске қосты, деп хабарлады Мемлекеттік корпорация.
Казахстан09 Наурыз , 11:42

Атап өту керек, осы көрсетілетін қызметті Азаматтарға арналған үкімет "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-мен бірлесіп әзірлеген.  

«Енді сіз күндерді шатастырып алған кезде, ХҚКО-ға артық барудың қажеті жоқ немесе сіздің құжаттарыңыз ерте дайын болса, ол туралы SMS-хабарлама келіп отырады. Тағы бір айта кететін жайт, аталған қызмет тегін көрсетіледі. Бұл көрсетілетін қызмет үшін Азаматтарға арналған үкіметке келетін азаматтарға жеңілдік береді», – делінген Мемлекеттік корпорация хабарламасында.

Бұдан бөлек, қазақстандықтар SMS арқылы қызмет көрсетудің сапасын бағалай алатын болады. 




Яндекс.Метрика