• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры несиелік қоржынының үштен бір бөлігін әйелдер құрайды

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры несиелік қоржынының үштен бір бөлігін әйелдер құрайды

9 Наурыз, 2017 10:37
Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры несиелік қоржынының үштен бір бөлігін әйелдер жүзеге асыратын жобалар құрайды. 2017 жылғы 1 қаңтарға Қоғамның несиелік қоржыны 82,6 млрд. теңге, белсенді қарыз алушыларының саны - 36,6 мың адам болатын болса, оның 1/3 – яғни, 13,6 мың қарыз – әйелдер жүзеге асыратын жобаларына тиісті.

« «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Бақыт Қудасбаеваның айтуынша, соңғы үш жылдың ішінде Қор тарапынан филиалдық желі мен шағын қаржы ұйымдар арқылы 92,7 млрд теңгенің 29,5 мың несиесі берілді. Оның ішінде әйелдерге – 29 млрд теңгенің 10 мың несиесі, бұл жалпы көлемнің 34 % құрайды», - деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.

Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау бойынша Қордың негізгі құралы – тікелей несиелеу болып табылады. 

Ел Президентінің ақпандағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында агросектор алдында кооперацияны дамыту және оған жеке қосалқы  шаруашылықтарды тарту мақсаты қойылған. Бұл бағыт 2017-2021 жылдарға арналған Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасында да бекітілген болатын. 

«Шағын шаруашылықтарды ауылшаруашылық өнім көлемін ұлғайтуға тарту бойынша іс-шараларды жүзеге асыру аясында Қор жаңа несиелеу бағдарламаларын әзірлеп, іске қосты. Өткен жылы ірі қара малдың 100 басына дейін сүтті-тауарлы фермаларды құру және дамыту бойынша «Ырыс» бағдарламасын жүзеге асыру басталған болатын (2016 жылы 1,5 млрд теңгеге 226 жоба қаржыландырылды, оның ішінде 397 млн теңгеге 56 әйелдер жобасы); отбасылық мал бордақылау алаңдарын құру және дамыту бойынша «Береке» бағдарламасы (2016 жылы 13,8 млрд теңгеге 5 мыңға жуық жоба, оның ішінде 2,6 млрд теңгеге 850 әйелдер жобалары); ет, сүт, көкөніс-жеміс-жидек сервистік-дайындау орталықтарын қаржыландыру мақсатында кооперативтерді дамыту бойынша «Ынтымақ» бағдарламасы (өткен жылы бұл мақсатта 61 млн теңгеге 9 жоба, оның ішінде 13,6 млн теңгеге 2 жоба қаржыландырылды)», - деп хабарлады қорда.

Бүгінде әйелдер кәсіпкерлігі түрлі проблемаларға тап болады. Бақыт Қудасбаева объективті және субъективті сипаттағы мәселелер арасында қаржы сауаттылығының төмен деңгейін, менталдық ерекшеліктерді, кәсіпкерлік дағдылардың жоқтығын, қолжетімді ақпарат пен қаржыландырудың тапшылығын атап өтті. 

Барлық жаңалықтар