Өңірлер

Жамбылдық шаруалар көкөніс өсіру жөніндегі инновациялық технологияларды талқылады

Таразда инновациялық технологиялар мәселелері бойынша "Ғылым мен өндірістің интеграциясы" тақырыбына семинар өтті, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Жамбыл08 Наурыз , 12:03

Семинар жұмысына Т.Есполов атындағы Қазақ ұлттық аграрлық университеті ректорының басшылығымен ғалым – шаруалар қатысты.

Іс-шараның мақсаты – ғылым, білім және өндіріс интеграциясының механизмін дамыту бойынша тәжірибе алмасу, аграрлық білім беру сапасын жақсарту, өндіріске инновациялар енгізу. К. Көкірекбаев соңғы жылдары өңірдің аграрлық секторында оң өзгерістер болып жатқанын, тауар өндірісі ұлғайғанын атап өтті. 

«Биылғы Жолдауда ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. ҚазҰАУ-мен тығыз әріптестік жасай отыра, біз ауыл шаруашылығын барынша дамытуымыз керек. Біздің өңіріміздің негізгі проблемасы шаруашылықтардың бытыраңқылығы болып табылады. Облыстағы 17 мың шаруашылықтың 70%-ын ұсақ шаруашылықтар құрайды», - деді өңір басшысы.

Бұдан бөлек, ғалым-шаруалар айтып өткен проблемалардың арасында ауыл шаруашылығы өндірісінің ұсақ тауарлылығы, төмен инвестициялық тартымдылық, мемлекеттік қолдаудың жеткіліксіз деңгейі, елдің импортқа тәуелділігі, ауыл шаруашылығының заманауи инновациялық технологиялармен нашар қамтамасыз етілуі де бар.

Еске сала кетейік, Президент Н. Назарбаев өзінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында ауыл шаруашылығын ел экономикасын дамытудың жаңа драйвері деп атаған болатын. Сондай-ақ, құжатта бес жыл ішінде 500 мыңнан астам үй шаруашылығы мен шағын қожалықтарды кооперативтерге біріктіру үшін барлық жағдайларды жасау, суарылатын жерлердің ауданын 40 пайызға ұлғайтып, екі миллион гектарға дейін жеткізу, өндірісте талап етілетін аграрлық ғылыми зерттеулерге инвестициялар көлемін ұлғайту туралы айтылған.




Яндекс.Метрика