• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР заңнамасына енген өзгерістер судьялардың материалдық жағдайын жақсартып, қойылар талапты арттырады – Қ.Мәми

ҚР заңнамасына енген өзгерістер судьялардың материалдық жағдайын жақсартып, қойылар талапты арттырады – Қ.Мәми

18 Желтоқсан, 2013 11:05
Жұмыс кеңесінде Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми «Сот жүйесі мен судьялардың дәрежесі туралы» заңның өзгертілуі қазылардың материалдық жағдайын жақсартып, сонымен қатар оларға қойылар талапты да арттыратынын айтты, деп хабарлайды ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысы қазылардың материалдық жағдайын жақсартып, сонымен қатар олардың қызметіне қойылар талапты да күшейту туралы тапсырма берген болатын. Енді осы тапсырманы орындау үшін Конституцияға енгізілетін өзгерістерді қарастыратын арнайы жұмыс тобы құрылып, олар Орталық Қазылар Одағы кеңесінің де ұсыныстарын ескеретін болады», - деді Төраға.

Мәмидің айтуынша, қазылар жұмысына қойылар талапты күшейтуге байланысты ол соттық мониторинг өткізу механизмін де қайта қарауды тапсырды, атап айтар болсақ, қазылар жұмысын бағалау талаптарын анықтау.

Аталмыш жұмыстар, төрағаның айтуынша, қазірден бастап орындалуда.

 

Барлық жаңалықтар