• Басты
  • Жаңалықтар
  • БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Қазақстанның жаңғыру бағытына қолдау білдірді

БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Қазақстанның жаңғыру бағытына қолдау білдірді

8 Наурыз, 2017 11:24
Астанада сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енчамен кездесуі өтті.

Әңгіме барысында сыртқы саяси ведомство басшысы дүниежүзілік ұйымның жоғары лауазымды басшысын Қазақстанда болып жатқан өзгерістермен таныстырып, Мемлекет басшысының Қазақстанның үшінші жаңғыруы бойынша бастамаларының озық сипатын атап өтті.

Министр конституциялық және жаңғырту реформаларының жиынтығы БҰҰ тұрақты даму мақсаттарына тиімді мемлекеттік институттарды дамыту бөлігінде сәйкес келетінін айтты. Еліміздің Ата Заңына енгізілетін өзгерістер еліміздің болашағы үшін берік негіз қалап, Қазақстанның одан әрі дамуы мен Мемлекет басшысы айқындайтын сыртқы саяси бағыттың жалғасының кепілі болмақ.

БҰҰ жоғары өкілі Астананың жаңғыруға бағытына қолдау білдіріп, Конституцияға өзгерістер енгізу саяси және экономикалық салаларда қол жеткізілген елдің ілгерілеуінің индикаторына айналғанын айтып өтті. М.Енча Қазақстанның өңірдегі және әлемдегі дағдарыс жағдайларын бейбіт жолмен реттеудегі тиімді бітімгер ретіндегі рөлін жоғары бағалап, Сирия бойынша Астана процесінің бірнеше кезеңін ұйымдастыруға қосқан үлесін айрықша атап өтті. оның ойынша, мұндай тәсіл БҰҰ жаңа Бас хатшысының қазіргі заманның әр түрлі дағдарыстарын реттеудегі превентивті дипломатияның негізгі мәні жөніндегі идеяларымен сәйкес келеді.

Әңгімелесушілер Орталық Азия мен Ауғанстандағы өңірлік қауіпсіздік мәселелері БҰҰ күн тәртібінің маңызды аспектісі болып табылатынын атап өтті. Өңірлік өзара іс-қимыл әлеуеті Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелік етуі барысында толық іске қосылатынына сенім білдірілді. 

Қ. Әбдірахманов БҰҰ контртеррористік сәулет реформасын, БҰҰ Бас хатшысы орынбасарының басшылығымен БҰҰ Контртерроризм кеңсесін құруды қолдады. Министр БҰҰ Бас хатшысына «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысуға шақырылғаны туралы еске салды, сондай-ақ Алматыда өңірлік Хаб құру жұмысына назар аударды. Мұндай Хаб қызметінің негізгі бағыттарының бірі ізгілік операциялар және өңірдегі төтенше жағдайлар бойынша әрекет ету, тиісті көлік-логистикалық операциялар, апаттар қаупін төмендетуге жәрдемдесу болып табылады.

Ведомствода келіссөздердің ҚР мен БҰҰ-ның екіжақты деңгейде практикалық нәтижелерге қол жеткізуге ғана емес, сонымен қатар, бейбітшілік, тұрақтылық және қауіпсіздік үшін өңірлік өзара іс-қимылды нығайтуға да ұмтылуын көрсеткені атап өтілді. 

Барлық жаңалықтар