- Басты
- Жаңалықтар
- Орталық әскери ансамбль әйел әскери қызметшілерді 8 наурызбен құттықтады (ФОТО)
Орталық әскери ансамбль әйел әскери қызметшілерді 8 наурызбен құттықтады (ФОТО)
Қорғаныс министрі мен еліміздің қорғаныс ведомствосы басшылығының атынан Қазақстан Қарулы Күштерінің қыз-келіншек әскери қызметшілерін Бас штабы бастығының бірінші орынбасары генерал-майор Әмір Халықов көктем мерекесімен құттықтады. Ол бірқатар әйел әскери қызметшілерге құрмет грамоталары мен медальдар табыстап, сондай-ақ, мерзімнен бұрын әскери атақтар берді және қазақстандық армияның нәзік жанды өкілдеріне мықты денсаулық. отбасылық береке және қажырлы еңбектеріне сәттілік тіледі.
Салтанатты жағдайдағы құттықтау мерекелік концертке ұласты. ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының сахнасында Орталық әскери ансамбль мен қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Шығармашылық ұжымдар әйел әскери қызметшілерге арнап отандық және шетелдік сазгерлердің музыкалық шығармаларын орындады.
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында мерекелік шаралар салтанатты түрде Қазақстан Қарулы Күштерінің барлық әскери бөлімдері мен мекемелерінде өтуде. Қазақстандық армияның нәзік жандыларын, яғни, үздік офицер мен сержант әйел әскери қызметшілерді атап өтіп, салтанатты түрде мадақтап, құттықтауда.
"Бүгінде әйел әскери қызметшілер сұлулықты, нәзіктікті, әсемдікті, күш пен батылдықты шебер ұштастыра отырып, ерлермен иық теңестіре әскери қызметтің ауыртпашылығын арқалауда. Олардың мойнына отбасы мен ошақ қасы, отбасылық жылулықты сақтау жүктелген. Соған қарамастан, олар өздерінің адал әрі қажырлы еңбектерімен мықты және кәсіби қазақстандық армияның қалыптасуына қомақты үлес қосып келеді", - деп атап өтілді ведомствода.
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Прездент тапсырмасы: Полиция департаменттеріндегі жедел-тергеу топтарына тергеуші әйелдер енгізілді -
Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Қазақстандықтар жұмыспен қамту орталықтарының қызметтерін онлайн режимде ала алады -
Әйелдер зорлық-зомбылығы: дене автономиясы, "shyn.kz" жобасы, жасөспірімдер арасындағы жүктілік -
Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады