- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан БҰҰ құрылымдарымен нәтижелі ынтымақтастыққа сенім артады - Тоқаев
Қазақстан БҰҰ құрылымдарымен нәтижелі ынтымақтастыққа сенім артады - Тоқаев
2 наурызда Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына кіргеніне 25 жыл толды. Қ.Тоқаев Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуындағы жаһандық ұйымның маңызды рөлін атап өтті. Конституциялық реформаларға қатысты Төраға жаңа түзетулер Қазақстан мемлекетінің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік негіздерін бекітетіні туралы пікірін білдірді. Реформа билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлуді ғана емес, тәуелсіздіктің мызғымастығы мен Қазақстанның Тұңғыш Президенті негізін қалаған басты қағидалар жөніндегі ережелерді де қамтиды, деді жоғарғы Палатаның басшысы.
Төраға Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесі мен жауапкершілігі күшейе түсетініне, ол лауазымға Президенттің ұсынуы бойынша Сенат сайлайтыны және жұмыстан босататынына назар аударды.
Кездесу барысында жүздесушілер Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болған кездегі Орталық Азиядағы жағдай туралы пікір алмасты. Сенат Төрағасы аймақтық қауіпсіздік пен ынтымақтастықты нығайту Президент Н.Назарбаевтың Қауіпсіздік Кеңесіне арнаған үндеуіндегі негізгі басымдықтардың бірі екенін атап өтті.
Қ. Тоқаев Қазақстан БҰҰ құрылымдарымен, оның ішінде Орталық Азияға арналған превентивтік дипломатия жөніндегі аймақтық орталықпен тығыз және нәтижелі ынтымақтастыққа сенім артатынын айтты. Бұл орталықтың басшысы, Бас хатшының Арнаулы өкілі Петко Драганов та кездесуге қатысты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру