- Басты
- Жаңалықтар
- Денсаулық сақтау министрлігі Балалар онкологиясы мен гемотология қызметін жетілдірудің жол картасын бекітті
Денсаулық сақтау министрлігі Балалар онкологиясы мен гемотология қызметін жетілдірудің жол картасын бекітті
Жол картасы онкологиялық және гемотологиялық аурулармен сырқаттанған балаларға көрсетілетін медициналық көмек сапасын арттыруға негізделген бірқатар іс-шараларды қарастырады.
Жол картасы аясында заңнамалық және нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, диагностикалау мен емдеу сапасын арттыру мақсатында медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жақсарту, гемопоэтикалық бағаналық жасушаны транспланттауды дамыту, кадрлық әлеует деңгейін арттыру жоспарланған.
Сонымен қатар, онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтау, қатерлі ісік ауруларын емдеу мен оңалтудың заманауи технологиялары бойынша тұрғындардың хабардарлығы мен сауаттылығын арттыру шаралары қарастырылған.
«Жол картасын іске асыру ісіктің бірқатар түрлері бойынша онкологиялық аурулармен сырқаттанған балалардың тірі қалу мүмкіндігін 80-90%-ға ұлғайдуға, қатерлі ісікті I-II кезеңде диагностикалауды до 50-60%-ға арттыруға, медициналық-әлеуметтік бейімдеу мен оңалтуды, қатерлі ісікпен сырқаттанған балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Эльмира Ахметова.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 1 ақпанында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен балалар онкологиясы мен гематологиясы сұрақтары бойынша аталған саладағы мәселелерді талқылау мен оның шешу жолдарының ортақ іс-әрекеттер жоспарын әзірлеу мақсатында балалардың ата-аналары және ҮЕҰ белсенділерімен кездесу өткен болатын.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды