- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодар облысында қысқы дизель отынын шығаратын кәсіпорын іске қосылады
Павлодар облысында қысқы дизель отынын шығаратын кәсіпорын іске қосылады
Құрылыс жұмыстары осы жылдың соңына дейін аяқталуы мүмкін жобаның құны 1,8 миллиард теңгені құрайды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Жобаны мәскеулік инжинирингтік компания құрастырды.Қазіргі кезде зауыт салынуы тиіс Шідерті кентінің маңындағы 1,5 гектар жердің жалға алу мерзімін ұзарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Билік тарапынан бізге барынша қолдау көрсетілуде», - деді инвестор.
Зауытта өндірілетін дизель отынын Цельсий межелігі бойынша -25-тен -55 градусқа дейінгі суықта да қолдануға болады. Сонымен бірге, кәсіпорында АИ-72, АИ-76 маркалы жанармай мен газ отыны шығарылатын болады.
«Бұл жоба біздің өңіріміз үшін аса маңызды.Қысқы кезеңде дизель отынының қатып қалуына байланысты біздің солтүстік өңірде қоғамдық көліктердің тұрып қалу жағдайлары жиі орын алады. Менің ойымша ірі кәсіпорындар Сіздердің қысқы дизель отынын сатып алу бойынша тұрақты серіктестеріңізге айналады», - деді Болат Бақауов.
Зауыт іске қосылғаннан кейін инвесторлар Шідерті ауылында бос тұрған үйлерді жөндеп, өздерінің болашақ жұмысшыларына ұсынатын болады. Аймақ басшысы Екібастұз қаласының әкіміне бұл мәселені тұрақты бақылауға алуды тапсырды.
-
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Қазақстанда қысқа мерзімді онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр