- Басты
- Жаңалықтар
- Алматының мектептері лингафондық-мультимедиялық кабинеттермен жарақтандырылмақ
Алматының мектептері лингафондық-мультимедиялық кабинеттермен жарақтандырылмақ
VI сайланған мәслихаттың XIV сессиясының 2017 жылға арналған республикалық бюджетті анықтау жөніндегі отырысы барысында Алматы қаласы үшін нысаналы трансферттердің көлемі 12 млрд 010 млн 493 мың теңге сомасына ұлғайтылды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру және тұрғындардың проблемалық мәселелерін шешу мақсатында басым жобалар мен әлеуметтік-маңызды бағыттарды іске асыруға жергілікті бюджеттен 45 млрд 711 млн 109,5 мың теңге сомасында қаражат бөлінбек.
Осылайша, білім беру саласына қосымша 1,6 млрд теңге бөлінетіні белгілі болды. Осының арқасында мектептердің 100%-ы лингафондық-мультимедиялық сыныптармен жарақтандырылатын болады. Бұл 72 мың алматылық оқушының білім алу сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.
Әкімдікте хабарлағандай, жекеменшік балабақшаларда балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік тапсырыс қосымша қажеттілікке байланысты 566,9 млн теңгеге ұлғайтылмақ.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың «Жұлдызай» фестиваліне және республикалық спартакиадаға қатысуы үшін 79 млн теңге бөлінбек.
Жастар ұжымы Балалар және жастар музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруіне қатысады, бұл іс-шаралар қосымша 22,9 млн теңгеге қаржыландырылатын болады.
Айта кету керек, сапалы білімге, денсаулық сақтауға және басқа да әлеуметтік қызметтерге қолжетімділік Алматы қаласын дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасында «Әлеуметтік бағдарланған қалалар» басым бағыттарының бірі болып табылады.
-
Алматының дамуы: Эпиджағдай, денсаулық, білім, тұрғын үй саласы және инвестиция -
Қазақстан мектептері аралас форматта оқуды бастады -
Коронавирустың екінші толқыны: Қазақстан мектептері неге дәстүрлі оқу форматына көшкен жоқ -
Алматы мектептері жаңа оқу жылын қалай бастады -
Алматының Әуезов ауданында жаңа мектеп ашылады -
Қандай ауыл мектептері мен ауруханалары сапалы интернетке қосылады -
Елордада мектеп пен мұғалімнің жетіспеуі, педагогтардың қызметі мен статусы -
2018 жылы Алматының индустриалды аймағында 12 жаңа өндіріс іске қосылады -
Қарағанды облысының барлық мектептерінде робототехника зертханалары ашылады -
ОҚО мектептері білім берудің жаңартылған мазмұнына көшті -
Алматының жол полициясы 100% планшетпен қамтылады -
Алматының индустриялы аймағында 13 зауыт салынады -
Алматының Бостандық ауданында 14 балалар алаңы ашылады -
Қарағанды мектептерінде спортшы жастар туралы фильм көрсетіледі -
Б.Байбек Алматының экологиялық дамуы туралы баяндады