- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда қаланы абаттандыруға қосымша 2,2 млрд теңге бөлінбек
Алматыда қаланы абаттандыруға қосымша 2,2 млрд теңге бөлінбек
Спикер атап өткендей, Алматы қаласы мәслихатының депутаттары 2017 жылға арналған анықталған бюджет жобасын ескертулерсіз келіскен, онда ТКШ және абаттандыруды дамытуға үлкен көңіл бөлінген.
Оның айтуынша, «Қолайлы қала» басымдығы аясында қосымша 2,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлу жоспарланып отыр.
Биыл «Медеу» саябағының аумағына қызмет көрсету үшін арнайы техника мен жабдық сатып алу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, қалалық көшелердің тазалығын сақтау үшін арнайы техника сатып алуға және 2 өндірістік база құрылысының ЖСҚ әзірлеуге қаражат жұмсалмақ», - деді М. Қиқымов.
Медеу ауданында өзен арналары мен жағалауларында, қосымша учаскелерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілмек.
«Қоршаған ортаның сапа көрсеткіштерін анықтау және оларды жақсарту бойынша қажетті шаралар әзірлеу үшін алғаш рет қоғам өкілдерін, қалалық мәслихат депутаттарын және экология саласындағы тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, зерттеулер жүргізуге 150 млн теңге қарастырылған», - деп қосты ол.
М.Қиқымовтың айтуынша, энергетика және коммуналдық шаруашылық саласын дамыту аясында жылу желілерін қайта құруға қосымша 2,7 млрд теңге, 88 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізуге 876 млн теңге бөлу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, қаланың бес ауданында (Алатау, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу) 11 700-ге жуық абонент қамтыла отырып, 3,3 млрд теңгеге 73 км сумен жабдықтау және су тарту жүйелері салынып, қайта құрылмақ.
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр