• Басты
  • Жаңалықтар
  • Одақ елдерінің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту Еуразиялық үкіметаралық кеңесте талқыланады

Одақ елдерінің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту Еуразиялық үкіметаралық кеңесте талқыланады

7 Наурыз, 2017 10:37
Еуразиялық экономикалық кеңес коллегиясының төрағасы Тигран Саркисян Қырғызстан Республикасының Премьер-министрі Сооронбай Жээнбекпен танысты. Тараптар Еуразиялық үкіметаралық кеңест отырысының күн тәртібін талқылады, ол бүгін Бішкекте өтеді, деп хабарлады ЕЭК.

Одақ елдерінің Үкімет басшылары  Еуразиялық  экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібі мен  әлеуетті салаларды қолдау,  агроөндірістік кешенді дамыту  салаларын қарайды.

Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының  қорытындысы  бойынша бірқатар құжаттарға  қол қойылады.

Қырғызстан Республикасы үкіметінің басшысы  айтып өткендей,  Еуразиялық  экономикалық одақ ықпалдастық  ұйым болып саналады, ол Одақ арасында тікелей диалогты қамтамасыз етіп отыр. Сондай-ақ, Сооронбай Жээнбеков  айтып өткендей, Қырғызстан  Одақ елдерімен  сауда-экономикалық даму  саласына белсенді қатысатын болады.

Тигран Саркисян 3 наурызда Мәскеуде  қатысушы елдердің   вице-премьер-министрлер деңгейінде өткен Комиссия кеңесінің  отырысы туралы айтып өтті. 

Барлық жаңалықтар