• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан елшісі Тәжікстанның Бас прокурорына мерейтойлық медаль табыстады

Қазақстан елшісі Тәжікстанның Бас прокурорына мерейтойлық медаль табыстады

7 Наурыз, 2017 12:23
Қазақстанның Тәжікстандағы елшісі Нұрлан Сейтімов Тәжікстан Республикасының Бас прокуроры Рахман Юсуф Ахмадзодпен кездесті, тараптар елдердің екіжақты ынтымақтастығын талқылады.

Кездесу барысында қазақстандық дипломат Қазақстанның қазіргі заманғы даму аспектілері мен  ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  арнайы үндеуінің  мағынасымен таныстырды.

СІМ хабарлағандай, тараптар  құқықтық ынтымақтастықтың  кейбір мәселелерін талқылап,  екі елдің құқық қорғау саласы арасындағы  өзара қарым-қатынастың әлеуетін талқылады.

Сондай-ақ, Нұрлан Сейтімов  Тәжікстан бас прокурорына  «ҚР Прокурорының  25 жылдығы» мерейтойлық медалін табыстады.

Өз кезегінде  Р.Ю. Ахмадзод марапаттау үшін алғыс айтып,  қазақстандық әріптестерімен табысты ынтымақтасуды жалғастыруға дайын екенін айтты. 

Барлық жаңалықтар