Киевте қазақ тілін меңгеру енгізілуде

7 Наурыз, 2017 12:07
Киевте Қазақстанның Украинадағы елшілігің бастамасымен Жамбыл Жабаев атындағы Киев қоғамдық кітапханасында Украинадағы қазақ диаспорасы үшін қазақ тілін оқытатын клуб ашылды, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

«Мемлекеттік тілді  меңгеру  Қазақстандағы бірлік пен біртұтастықты  нығайтатын маңызды фактор болып табылдаы», - деді елші Самат Ордабаев  клубтың ашылуында.

Елші айтып өткендей, клуб өзінің жұмысын Қазақстан мен Украина арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың  25 жыл толуына орай бастады.

«Аталмыш бастама Қазақстан-Украина  достығының  одан әрі нығаюына бағытталған», - деді елші.

Бағдарламаға  қазақ тілінің грамматикасы мен  лексикасы енеді, қазақ халқының ұлы тұлғаларының еңбегімен танысу ұйымдастырылады.

Өз кезегінде, Украинадағы қазақ диаспорасының  өкілдері  шетелде туған тілді оқуға мүмкіндік берілгені үшін алғыс білдірді. 

Барлық жаңалықтар