- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Сапарбаев: Әйелдер еңбегінің нәтижесінде облыс экономикасы оң көрсеткіштерге ие болуда
Б.Сапарбаев: Әйелдер еңбегінің нәтижесінде облыс экономикасы оң көрсеткіштерге ие болуда
Ақтөбе ферроқорытпа зауытында өңір басшысы өндіріс озаттары мен көпбалалы аналарды құттықтады. Қазіргі таңда кәсіпорында төрт мыңнан астам адам еңбек етсе, оның 921-і – нәзік жандылар. Әйелдер қауымы ерлерге бергісіз жұмыстарды атқарады: олар токарь, сорғы қондырғысының, кранның машинисі сияқты өзге де мамандықтарды игеріп, өндірісте тамаша нәтиже көрсетіп жүр. Соған қарамастан олар нәзік қалпын сақтап, отбасының ұйытқысы болып қала береді.
Айта кетсек, зауыттың 24 нәзік жанды жұмысшысы төрт және одан да көп бала тәрбиелеп отырған көп балалы аналар. Олардың барлығы да «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері. Кейбірі спортта бақтарын сынап, әр түрлі спорттық сайыстарға белсенді қатысып жүр.
Бүгін зауыттың үздік қызметкерлерін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев құттықтады.
«Сіздің зауыт өңір экономикасын өркендетуге, қоғам тұрақтылығын дамытуға зор үлес қосуда. Осы орайда, зауыттың еңбек ұжымының, әсіресе әйелдер қауымының қосқан үлесін атап өткім келеді. Осының арқасында 2016 жылы жақсы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге қол жеткіздік. Төрт цехта өндіріс көлемінің екі есе көбейетінін ескерсек, бұл көрсеткіш әрі қарай да артады деп ойлаймын. Отан отбасынан басталады: сіздердің үйлеріңізде де тамаша жар, ана болып, балаларыңызға жақсы тәрбие беретіндеріңізге, олар үшін барлық жағдай жасайтындарыңызға сенімдімін. Осылай біз мемлекет басшысының 30 бәсекелестікке қабілетті ел қатарына қосылу туралы тапсырмасын тезірек орындайтын боламыз»,-деді облыс әкімі кездесу барысында.
Кейін Бердібек Сапарбаев 5 маусым күні болған лаңкестік оқиға кезінде қаза болған Николай Онищенконың жары мен Андрей Максименконың және Михаил Матросовтардың аналарын келе жатқан мерекелерімен құттықтады.
Кездесу барысында облыс әкімі олардың отбасыларына қажет болған жағдайда барлық көмек көрсетілетінін жеткізді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын ақтөбелік қоғам қайраткерлері Бердібек Сапарбаевтың халықаралық әйелдер күніне арналған «Әйелдер Әлемінің жарығы» атты ауқымды акциясын өткізу туралы бастамасын қолдауға шақырған болатын.
Акция барлық нәзік жанды адамзат иесіне құрмет көрсетіп, назар аударуға шақырады.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді