- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында биыл 9 мыңға жуық оқушы мектеп бітіреді
Жамбыл облысында биыл 9 мыңға жуық оқушы мектеп бітіреді
2016-2017 оқу жылында облыстағы 324 жалпы білім беретін орта мектептерді 8783 оқушы бітіргелі отыр. Оның ішінде 6631-і қазақ тілінде, 2136-ы орыс тілінде, 16-ы өзбек тілінде бітіреді.
2017 жылы білім беру ұйымдарында мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттау және жоғары оқу орындарына түсу үшін ҰБТ-ның жаңартылған форматымен таныстыруға арналған облыстық іс-шаралар жоспары бекітіліп, аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдеріне жіберілді.
ҰБТ-ның жетілдірілген форматы бойынша ата-аналар, мектеп бітірушілер, мұғалімдер қауымы арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізілуде.
«Мектептерде қорытынды аттестация 5 пән бойынша өтеді: Ана тілі және әдебиеті (эссе жазу - 3 сағат), қазақ тілінде білім беретін мектептерде – орыс тілінен, ал орыс, өзбек, тәжік, ұйғыр мектептерінде – қазақ тілінен (тест түрінде), Қазақстан тарихы (ауызша емтихан), Алгебра және анализ бастамалары (жазбаша – 5 сағат), Таңдалған пән бойынша (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, информатика, шет тілі (ағылшын, француз, неміс) – тест тапсырылады», - деді Жамила Бекбатырова.
Жазбаша және ауызша емтихандар, сонымен қатар, тесттің жауап парақтары мектептердегі пән бойынша емтихан комиссиясы дұрыс жауаптар кодтары арқылы тексеріліп, бағалайды.
Барлық емтихан оқу орнында – мектептерде өтеді. Аттестацияның қорытынды мерзімі министрліктің «2016-2017 оқу жылын аяқтау туралы» бұйрығы арқылы белгіленеді – шамамен 2017 жылдың 29 мамыры мен 9 маусым аралығы. Түлектердің мектеп бітіру кештері 2017 жылдың 15 маусымына дейін өткізілмек.
«Аттестацияның қорытындылары туралы барлық материалдарды Ұлттық тестілеу орталығы білім басқармаларына жеткізеді. Білім басқармалары, өз кезегінде, құжаттарды мектептерге дейін жеткізеді, - деп мәлімдеген басқарма басшысының орынбасары Жамила Елеуқызы сөзін түйіндеді.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары